27.01.2009, 11:45 1522

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Ұлттық қордан $4 млрд көлемінде қаражат тарту үшін облигациялар шығаруға дайындалуда

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Ұлттық қордан $4 млрд көлемінде қаражат тарту үшін облигациялар шығаруға дайындалуда

Астана. 27 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры Ұлттық қордан бұрын жарияланған $10 млрд соманың $4 млрд көлемінде қаражат тарту үшін облигациялар шығаруға дайындалуда. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ұлттық әл-ауқат қорының директорлары кеңесі 13 қаңтарда облигацияларды шығару шарттарын мақұлдады, бұдан кейін шығарылым жайында хабарлама дайындалып, тиісті құжаттар Қаржылық қадағалау агенттігіне тіркеуге жіберілді. Сөйтіп, қаңтардың аяғына дейін Ұлттық қорды басқару жөніндегі кеңестің шешімі аясында облигацияларды сатуға дайынбыз", - деді Қ. Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны