11.12.2009, 16:47 2879

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы ұлттық компанияларға жаңа сатып алу жоспарларын 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін таныстыруды тапсырды

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы ұлттық компанияларға жаңа сатып алу жоспарларын 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін таныстыруды тапсырды

Астана. 11 желтоқсан. Kazakhstan Today -"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы ұлттық компанияларға жаңа сатып алу жоспарларын 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін таныстыруды тапсырды, деп хабарлайды Kazakhstan Today қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін Алматыда "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры мен Алматы әкімшілігінің ұйымдастыруымен "Мемлекеттік тапсырыс-2010" атты форум өткізіліп жатыр. Бұл форум қор құрамына енетін компаниялар тобындағы тауар, қызмет, жұмыс түрлеріне деген сұраныс туралы отандық өнім өндірушілерге ақпарат беруге байланысты өтіп отыр.

Форум аясында қор құрамына енетін компаниялар мен отандық өнім өндірушілердің арасындағы ынтымақтастық мәселелеріне арналған кеңес өтті.

Кеңеске қатысқандар алдында сөйлеген сөзінде қордың басқарма төрағасы Қайрат Келімбетов ел президентінің 2008 жылдың 21-қарашасында Ұлттық инвесторлар алдында ұлттық компаниялардың сатып алу ісіндегі қазақстандық үлестің артуына мән бергенін, оны ішінде Алматы қаласындағы тауар өндірушілер салмағының басым болуы жөнінде тапсырғанын атап өтті.

"Бұл тапсырманың жүзеге асырылуы-қор жұмысындағы негізгі мақсат-ел экономикасының модернизациялауы мен әртараптандырылуына сай келеді" деді Келімбетов.

Қызмет көрсету, жұмыс беру, тауар сатып алуда қазақстандық үлестің артуы үшін Қор өте белсенді жұмыс атқарып отыр. Мәселен, қазақстандық үлес туралы корпоративті бақылау жүйесі құрылып, жұмыс істейді, қордан тапсырыс алушылардың ақпараттық базасы құрылып, уақытында ақпараттар жаңартылып отырады. 2009-2011 жылдар аралығындағы қор мен оның компанияларындағы тауар, қызмет көрсету, жұмыс беруде қазақстандық үлесті арттыру үшін жасалынған бағдарлама бекітіліп қазір сол бойынша іс жүргізіліп отыр.

Қор құрамындағы компаниялардың сатып алу ауқымы елдің ішкі жалпы өнімінің төрттен біріне сай.

Осы жылы тауар, қызмет көрсету, жұмыс түрлеріне деген біріктірілген шығынның сомасы 2 трлн теңгеден артады деген жоспарлар бар.

Қор құрамына енген компаниялардың соңғы 11 айдағы қорытындысы бойынша, 1, 444 трлн теңгеге сай 50 000 келісім-шарттар түзілген. Ал қазақстандық тауар өндірушілердің үлесі 62 пайызды құраған.

Оның ішінде Алматы қаласындағы кәсіпорындарға 343 млрд теңгеге сай тауар, жұмыс, қызмет көрсету түрлеріне тапсырыс болған (орташа есеппен алғанда онлдағы қазақстандық үлес салмағы 77 пайыз), ал сатып алынған тауар құны 215 млрд теңгені құраған.

"Бұл айтылған сандар Алматы қаласы кәсіпорындарының қор құрамына енетін компанияларды жабдықтайтын негізгі жабдықтаушылар екенін көрсетеді. Бұған қоса, үлкен мегаполистің тауар өндірудегі, жұмыс беру, қызмет көрсетудегі әлеуеті әлі де толық игерілген жоқ. Сондықтан әрі қарай да арта береді деп ойлаймын" деді Қайрат Келімбетов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны