09.02.2010, 14:13 1255

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының еншілес кәсіпорындарындағы заң бұзушылықтарға қор құрылмас бұрын жол берілген - Ийтекенов

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының еншілес кәсіпорындарындағы заң бұзушылықтарға қор құрылмас бұрын жол берілген - Ийтекенов

Астана. 9 ақпан. Kazakhstan Today - Есеп комитеті анықтаған "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының еншілес кәсіпорындары - "Ұлттық инновациялық қор" АҚ мен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ -дағы заң бұзушылықтарға қор құрылмас бұрын жол берілген. Бұл туралы бүгін өткен үкіметтің отырысының қорытындысы бойынша "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының атқарушы директоры Қайрат Ийтекенов мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

""Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры 2008 жылдың 12 қазанында құрылған. Және даму институттарынан берілген активтерден бір теңге де жаңа капитал құруға жұмсалған жоқ. Бұл заң бұзушылықтар сонау "Қазынаның" кезінде жасалған", - деді Қ. Ийтекенов.

Оның айтуынша, қаржының мақсатты пайдаланылуына байланысты мәселелерді шешу үшін келешекте "заңнаманы қылмыстық-әкімшілік жауапкершілік бойынша жүйелік сәйкестендіру керек".

"Есеп комитеті дәл осындай жүйелік мәселелерді анықтауға көмектесті, қазір біз басқа да еншілес компаниялар бойынша осы тұрғыда жұмыс істеп жатырмыз", - деді Қ. Ийтекенов.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Есеп комитеті "Ұлттық инновациялық қор" АҚ мен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ қатысты іс материалдарын құқық қорғау органдарына тапсырды. Бұл туралы Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаев журналистерге берген сұхбатында мәлім етті.

Оның ақпаратына сәйкес, 2009 жылы "құқық қорғау органдарына 40 материал тапсырылып, олардың 9-ы бойынша қылмыстық іс қозғалған, бірақ соның ішінде сотқа жеткені - төртеу ғана".

Атап айтсақ, Омархан Өксікбаев құқық қорғау органдарына тапсырылғандардың ішінде "Ұлттық инновациялық қор" мен "Қазақстанның инвестициялық қорына" қатысты материалдар да бар екенін растады.

Есеп комитетінің төрағасы Омархан Өксікбаевтың айтуынша, "республикалық бюджеттен "Ұлттық инновациялық қор" АҚ мен "Қазақстанның инвестициялық қоры" АҚ-ның жарғылық капиталын құруға осы жылдарда 70 млрд астам теңге бөлінген".

"Осыған байланысты бұл акционерлік қоғамдардың 2007-2008 жылдардағы қаржылық-шаруашылық іс-қызметінің нәтижесі 25,5 млрд теңгенің шығынына алып келді", - деді Есеп комитетінің төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны