02.06.2009, 11:07 1518

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына енетін еншілес компаниялардың директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына енетін еншілес компаниялардың директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды

Астана. 2 маусым. "Қазақстан Бүгін" -"Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының құрамына енетін еншілес компаниялардың директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 2009 жылдың 1-маусым күні өткен "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басқарма жиынында қор құрамына енетін кейбір компаниялардың мәселелері қарастырылды.

Қор басқармасы ҚР үкіметінің шешімдерін жүзеге асыру үшін ұлттық компаниялар мен даму институттары директорлар кеңесін үкіметтің мүшелері арқылы күшейту жолындағы шараларды қабылдады.

Мәселен, "Қазақстан Даму банкі" АҚ директорлар кеңесін Иидустрия және сауда министрі Исет Исекешев басқарады.

Қор басқармасы, сонымен қатар, Қазақстан Даму банкі басқармасының жаңа жүйесін мақұлдады. Бұған сәйкес, вице-президенттер институты жойылып, олардың орнына банктің басқармасы құрылады.

"Қазақстан Даму банкі" АҚ басқарма төрағасы болып Ғали Есқалиев тағайындалды. Ол бұған дейін банктің вице-президенті қызметінде банктің инвестициялық қызметін қадағалаған.

Басқармаға мынадай басқарушы директорлар енді: Жанат Жақанов, Нұрәли Илиев, Қалия Сәлімбаева, Едіге Мұханов, Берік Өтемұрат. Бұлардың барлығы да бұрын "Самұрық-Қазына" қоры мен банк топ-менеджерлері болған.

"Самұрық-Қазына" басқармасының шешімімен, "Даму" кәсіпкерлікті дамыту" қоры директорлар кеңесінің төрағасы болып Қайрат Ийтекенов тағайындалды. Ол қордың басқарушы директоры және басқарма мүшесі.

Үкімет шешімдерін орындау үшін "Самұрық-Қазына" АҚ әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорацияларын Индустрия және сауда министрлігіне бере бастады. Сонымен қатар, кейбір даму институттары: "Ұлттық инновациялық қор" АҚ, "Инжиниринг және технологиялар трансферті орталығы" АҚ және "Kaznex экспортты ілгерілету корпорациясы" АҚ сияқты институттарды осы министрлікке береді.

Бұл жүйелер мемлекет басшысының елдің индустриялдық-инновациялық дамуын қамтамасыз ету үшін жұмыс істейді. Ал ол шараларды қамтамасыз етумен Индустрия және сауда министрлігі айналыспақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны