03.06.2009, 19:03 2827

"Самұрық-Қазына" Ұлттық-әл-ауқат қоры ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімін 2009 жылдың 1-шілдесіне дейін ұзартты

"Самұрық-Қазына" Ұлттық-әл-ауқат қоры ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімін 2009 жылдың 1-шілдесіне дейін ұзартты

Астана. 3 маусым. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық-Қазына" Ұлттық-әл-ауқат қоры 2009 жылдың 2-маусым күні үкіметтің қор ұсынысын қолдауының арқасында ипотекалық несиелерді қайта қаржыландыру бағдарламасының мерзімін 2009 жылдың 1-шілдесіне дейін ұзартты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі қордың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бағдарламаның шарттарына сәкес, мамыр айының 25-26 күні банктердің ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға бөлінген қаржы игеріліп бітуге тиіс еді. 2009 жылдың 1-маусым күнгі мәліметтеріне сәйкес, бағдарламаға қатысу үшін 37,7 мың адамнан 142,5 млрд теңгеге сай сомаға өтініш келіп түскен. Оның ішінде, 24 мың несие алушының 92,2 млрд теңгелік өтініші мақұлданған. Ал 69 млрд теңгеге сай сомаға 18 мың адаммен келісім түзілген.

Қордың мәліметінше, қаржы мынадай 4 ірі банкте толық игерілмей қалған: "БТА" АҚ мен "БТА Ипотека" Ипотекалық ұйымы" АҚ 40 млрд теңге бөлінген. Келіп түскен өтініштердің саны 40,3 млрдтеңгеге сай еді. Оның ішінде 17,8 млрд теңгеге сай өтініш мақұлданды. 15,8 млрд теңгеге сай өтініш қайта қаржыландырылды.

"Қазкоммерцбанк" АҚ 24 млрд теңге бөлінген. Банкке 26 млрд теңгеге сай өтініш келіп түскен. 24,3 млрдтеңгеге сай өтініштер мақұлданған. Қайта қаржыландырылғаны 14,8 млрд теңге. "Халық банк" АҚ 24 млрд теңге бөлінген. Келіп түскен өтініштер сомасы 17 млрд теңгеге сай. Мақұлданғаны 15 млрд теңгеге сай. 10 млрд теңгеге сәйкес өтініштер қайта қаржыландырылған.
"Альянс банкке" 14 млрд теңге бөлінсе, келіп түскен өтініштер саны 10,7 млрд теңгеге сай. Мақұлданғаны - 10,3 млрд теңге. Қайта қаржыландырылғаны - 10,3 млрд теңге.

Бағдарламаның ипотекалық несие алушылардың төлейтін қарызының пайызын барынша азайтуға бағытталғанын, сонымен қатар, келіп түскен өтініштер мен мақұлданған өтініштердің санын есепке алып отырып, қаржыны игеру мерзімі 2009 жылдың 1-шілдесіне дейін ұзартылды. Осы уақыт аралығында 4 жүйе құраушы банктердегі қайта қаржыландыру процессі аяқталады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны