24.07.2016, 22:29 3808

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қорыныӊ басшысы Ақтөбе қаласына жұмыс сапарымен барды

Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейін бағдарламасы аясында барлығы 9 485 пәтер құрылысы жоспарланған, оныӊ ішінен 80%, немесе 7 507 пәтері Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі

Астана. 23 шілде. Kazakhstan Today. 2016 жылғы 22 шілдеде "Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Мамыталиев Ақтөбе қаласына жұмыс сапары аясында Ақтөбе облысыныӊ әкімі Бердібек Сапарбаевпен және Ақтөбе қаласыныӊ әкімі Испанов Ильяспен "Нұрлы Жол" және "Өӊірлерді 2020 жылға дейін дамыту" бағдарламаларын іске асыру мәселелері бойынша кездесті. Кездесу барысында жақтар өӊірдіӊ баспана инфрақұрылымын нығайту бойынша ынтымақтастығына қызығушылық білдірді.

Сондай-ақ, Бауыржан Мамыталиев Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейінгі бағдарламасы бойынша қаржыландырылған "Юнис сити" тұрғын кешеніне барды. Құрылысын "ОксиБилд" ЖШС жүргізген. Баспананыӊ жалпы көлемі 26 998,3 шаршы метрін немесе 560 пәтерден құралған. Тұрғын кешені пайдалануға 2013 жылдыӊ аяғында берілген.

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ Басқарма Төрағасы Бауыржан Мамыталиев: "Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейін бағдарламасы аясында, Ақтөбе қаласы жоғары индустриалды және көліктік әлеуетімен келешек агломерациясыныӊ орталығы болып айқындалғанын есептей отыра, қазір осында тұратын және осы өӊірге әрі қарай еӊбек ету мақсатымен келетін адамдар үшін қолжетімді баспана нарығын қамтамасыз ету қажет. "Юнис сити Қазіргі уақытта сатып алу құқығымен жалға алу шарттары бойынша "Юнис сити" ТК 356 пәтер өткізілді".

Өӊірлерді дамытудыӊ 2020 жылға дейін бағдарламасы аясында барлығы 9 485 пәтер құрылысы жоспарланған, оныӊ ішінен 80%, немесе 7 507 пәтері Жылжымайтын мүлік қорына тиесілі, 1 978 пәтер құрылыс салушыларға тиесілі. Бағдарламаны іске асыру сәтінен пайдалануға баспананыӊ 316 мыӊ шаршы метрі пайдалануға берілді.

Активтерді іске асыру ережелерімен, сондай-ақ жекешелік құрылыс салушыларын қолдау тетіктері шеӊберінде баспана құрылысы жобаларын іріктеу және қарастыру қағидаларымен Жылжымайтын мүлік қорыныӊ www.fnsk.kz сайтында танысуға болады.

"Самұрық-Қазына" жылжымайтын мүлік қоры" АҚ 2009 жылы құрылған және Қазақстандағы мемлекеттік бағдарламаларыныӊ ірі девелопері және операторы болып табылады. 2016 жылдан Қор жекеменшік құрылыс салушыларын және коммерциялық баспана құрылысын қолдау бойынша "Нұрлы Жол" бағдарламасын іске асыруда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны