03.02.2009, 11:45 1180

"Самұрық-Қазынаның" "Халық банкінде" орналастырған қаржысының бір бөлігі банк капиталын ұлғайтуға бағытталады

"Самұрық-Қазынаның" "Халық банкінде" орналастырған қаржысының бір бөлігі банк капиталын ұлғайтуға бағытталады

Алматы. 3 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының "Халық банкінде" орналастырған қаржысының бір бөлігі банк капиталын ұлғайтуға бағытталады. Бұл туралы бүгін банк басқармаларының төрайымы Үміт Шаяхметова баспасөз мәслихатының барысында мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Халық банкі" 30 қаңтарда "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорынан жалпы көлемі 120 млрд теңге көлемінде екі депозит алғанын еске сала кетейік.

Ү.Шаяхметованың айтуынша, бірінші депозиттегі 60 млрд теңге көлеміндегі ақша таяу уақыттарда банк капиталын ұлғайту үшін пайдаланылады. Ал ұзақ мерзімді екінші депозит Қазақстан экономикасының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым, энергетика, ауылшаруашылығы, азық-түлік өнеркәсібі, көлік және байланыс, көтерме және бөлшек сауда, қызмет, машина жасау, металлургия, мұнай және газ секілді салаларға арналған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны