27.12.2012, 12:18 3519

Сандықтауда асыл тұқымды мал шаруашылығы дамуда

Сандықтау ауданындағы "Сандықтау" ЖШС-да шаруашылықтағы мал басының сапалы көрсеткішін жақсарту үшін Канададан Герефорд тұқымды 165 бас ірі қара мал сатып алынды.

Көкшетау. 27-желтоқсан. Kazakhstan Today - Сандықтауда асыл тұқымды мал шаруашылығы дамуда, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Сандықтау ауданындағы "Сандықтау" ЖШС-да шаруашылықтағы мал басының сапалы көрсеткішін жақсарту үшін Канададан Герефорд тұқымды 165 бас ірі қара мал сатып алынды.

Ақмола облысының баспасөз қызметі хабарлағандай, аталған жоба етті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында өңірде осымен екінші жыл жүзеге асырылып келеді.

Бағдарламаның мақсаты ірі қара малдың санын арттыру, ІҚМ етінің экспорттық әлеуетін дамыту.

Сондай-ақ, етті малдың генетикалық әлеуетін және тауар сапасын жақсарту осы бағдарламаның басты мақсаттарының бірі.

Сандықтау ауданындағы "Сандықтау" ЖШС қазақтың ақбас тұқымды ірі қараны өсірумен айналысатын асыл тұқымды мал шаруашылығы боп табылады. Аталған жоба "ҚазАгроқаржыландыру" АҚ желісі бойынша жобаны 25% тең қаржыландырудағы лизинг жүйесімен жүзеге асырылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны