22.02.2008, 14:50 3084

Санитарлық дәрігерлер "Арселор Миттал" шахтасында еңбек ету жағдайына қойылатын талаптардың орындалмағанын анықтады

Санитарлық дәрігерлер "Арселор Миттал" шахтасында еңбек ету жағдайына қойылатын талаптардың орындалмағанын анықтады

Қарағанды. 22 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Санитарлық дәрігерлер "Арселор Миттал" АҚ қарасты 8 шахтасын тексеріп, онда көмір өндіріс нысандарында еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайына қойылатын талаптардың өрескел бұзылғанын анықтады. Бұл туралы журналистерге облыстық санитарлық эпидемиологиялық бақылау департаментінің бөлім бастығы Николай Кочегаров хабарлады.

Н. Кочегаровтың мәліметтері бойынша, тексеру кезінде "Саран" және "Күзембаев атындағы" шахтасының жұмысшылары су-тұз тепе-теңдігінің бұзылуы кезінде қолданылатын құты немесе термостармен қамтамасыз етілмегендігі анықталды.

""Саран" шахтасындағы көмірді шығарып өндіретін машиналар мен құрал- жабдықтарда, техниканы пайдалануға болмайтын қауіпті жағдайлар қорытындылары көрсетілген тиісті паспорттары жоқ", - деп түсіндірді ол.

"Қазақстан", "Абай", "Ленин " шахталарында тербелмелі құралдармен жұмыс істейтіндердің жылы қол ванналарын пайдаланатын арнайы бөлмесі жоқ. "Адамда саусақтарының ұшы ұйып, сезімталдығы азаяды. Сондықтын бұл процедура оларға қажет", - деп атап өтті Н. Кочегаров.

Сонымен қатар "Абай" шахтасында ингалятор, арнайы киім тазалағыштар, жылдан жылға кеншілерді тізе мен шынтақ қаптарымен қамтамасыз ету мәселесі де шешілмей отыр.

Н. Кочегаровтың мәліметтері бойынша, "Қостенқол" және "Шахтинская" шахталарында жүргізілген жөндеу жұмыстарынан кейін түсіп жатқан құрал- жабдықтар тым шуылды жұмыс істеуде. Бақылау өлшемдері бойынша жалпы дыбыс көлемі белгіленген нормадан 8-31 дицебелге жоғары.

Ол хабарлағанындай, шахталарда таза сүттің орнына сүт концентраты берілуде.

"Кенші оны іші ме, жоқ па бақылау жасау қиын. Ал сүт оған керек. Зиянды өндірісте жұмыс істегеннен соң, ағзадан шлактарды шығару үшін сүт ішу керек", - деп хабарлады бас маман.

Оның сөздері бойынша сондай-ақ арнайы киім-кешек, аяқ киім беру талаптары да орындалмайды. "Оларға берілетін киім бір айға да жетпейді, ал талап бойынша ол киім жарты жылға жету керек. Ал ішкі киім 10 айға кешігіп беріледі. Ал шын мәнінде оларға ай сайын берілуі тиіс", - деді Н. Кочегаров.

Кәсіби ауруларға шалдығу деректері жасырылуда. Мысалы 2007 жылы 67 кәсіби дертке шалдығу оқиғасы ғана тіркелген болса, 1996 жылға дейін бір шахта бойынша тек 56 дерек тіркеліп отырған.

Санитарлық дәрігерлердің мәліметтері бойынша кеншірлердің гигиеналық жағдайлары өте қолайсыз.

Компанияға 78 624 теңге көлемінде айыппұл салынды. "Арселор Миттал"АҚ атқарушы директорына 15 наурызға дейін барлық таап бұзу оқиғаларын жою жөнінде ұйғарым тапсырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны