21.05.2008, 15:17 3084

Сарапшылар Қазақстан экономикасының өсімі 2008 жылы 5% аспайды деп болжам айтуда

Сарапшылар Қазақстан экономикасының өсімі 2008 жылы 5% аспайды деп болжам айтуда

Алматы. 21 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сарапшылар Қазақстан экономикасының өсімі 2008 жылы 5% аспайды деп болжам айтуда. Бұл туралы кеше өткен "Корпоративтік қаржы-2008" атты халықаралық конференцияда "ABN AMRO Банк Қазақстан" ДАБ басқармасының төрағасы Юрген Ригтеринк мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Оның сөздері бойынша азық-түлік бағасының өсуімен бірге инфляцияның (жылдық көрсеткіш бойынша сәурде 19%) да көрсеткіші ұлғаюда. Ұлттық банк инфляцияның 10-15 пайыздық көрсеткішіне қол жеткізуі мүмкін.

"Бұл Қазақстанның экономикалық өсімі 5% жуық көрсеткішті құрайды деген сөз, ал үкімет ресми түрде 5-7% деңгейін бекітті, ал біз сарапшылар, қаржыгерлер, экономикалық өсім көлемі 5 % жақын деңгейде болады деп санаймыз. Бұл дұрыс дамудың белгісі ", - деп атап өтті Ю. Ригтеринк.

Сонымен қатар, оның сөздері бойынша, қаржы нарығындағы күрделі жағдай Ұлттық банк пен сарапшылар көздеген жағдайды туғызады, яғни пайыздық ставкалар төмендетіліп нарықтың "қызынуы" тоқтатылады. Шикізат өнімдерінің жоғары бағасы есебінен инвестициялық ахуал тұрақты болып қала береді.

"Мемлекеттің іргелі тұғырнамасы жақсы. Валюта өте тұрақты және Ұлттық банк оны жыл соңына дейін қолдайтын болады. Биылғы есепте тапшылық көлемі өсуде, бірақ тікелей шетелдік инвестициялар көрсеткіші жақсы, 2007 жылы оның мөлшері $7 млрд құрады, сауда балансының профицит көлемі өте үлкен. Өндірістік сектордың көрсеткіштері жоғарылауда және жалпы ахуал жақсы ", - деп қорытындылады "ABN AMRO Банк Қазақстан" басшысы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны