23.05.2008, 17:01 2420

"Сарыарқа" ИКК Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандыру үшін жер ұсынуға дайын - Рау

"Сарыарқа" ИКК Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандыру үшін жер ұсынуға дайын - Рау

Астана. 23 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - "Сарыарқа" Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы Ақмола облысында ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандыру үшін жер ұсынуға дайын. Бұл туралы бүгін "Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар - өңірлерді дамыту негізі" атты дөңгелек үстел барысында Ақмола облысының әкімі Альберт Рау мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Ақмола облысы әртүрлі дақылдар егу бойынша өз тұғырнамасынан айырылып қалған. Бұрын картоп егілген мыңдаған гектар жерлерге астық егіліп кеткен. Дегенмен біз ауыл шаруашылық министрімен бірге Щучинск ауданындағы алқапта болдық. Онда кәсіпорын қосымша техникалар сатып алып, картоп егумен айналысуда екен", - деді А. Рау.

"Осылайша, біз кеңестік кезеңнің көрсеткіштеріне таяймыз. Ол кезде мыңдаған гектар жерге картоп егілген. Ал соңғы жылдары ондай бір де бір гектар жер жоқ. Біз бүгінгі таңда осы маңызды ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандыру ісіне инвестиция тарту үшін жалпы Ақмола облысы бойынша жерді Илеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына ұсынуға дайынбыз. Өйткені, біз ауыл шаруашылығының моноөндірісі, өзге дақылдарға зиян келтіре отырып астық егу жайында өте көп айтамыз", - деп толықтырды ол.

Облыс әкімі ("Сарыарқа" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының бұрынғы басшысы - агенттік ескертпесі) қазіргі уақытта мемлекет пен жеке сектордың серіктестігі негізінде корпорация жалпы сомасы 670 млн теңге болатын екі жобаны жүзеге асырған. Ол Целиноград ауданының Қосшы ауылында 5 мың тонналық мен Щучинск ауданының ауылында 3,7 мың тонналық көкөніс сақтау қоймасын жөндеуден өткізу жобалары.

"Осы жоғарғы технологиялық заманауи құралдармен жабдықталған кәсіпорындар жеміс пен көкөністі қыста да, жазда да сақтауға мүмкіндік береді. Бұл маусым аралығында тек Ақмола облысының аумағында ғана емес, Астана маңынан азық-түлік белдеуін құру бағдарламасы аясында елорда базарларында өнімді арзан бағамен сатуға және мүмкіндік береді. Сонымен қатар, өнімді белгіленген бағамен әлеуметтік сала нысандарына (балалар үйлері, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің орталықтары, аурухана, пансионат) жеткізу жоспарланып отыр. Бұл да жүзеге асырылып жатқан бағдарламалардың әлеуметтік бағытына дәлел бола алады", - деп атап көрсетті.

"Аталмыш бағытты әрі қарай жүзеге асыру үшін Көкшетау қаласының маңында орналасқан Садовое ауылында жеміс-көкөніс жүйесін қалпына келтіру және дамыту мәселесі қарастырылып жатыр. Сондай-ақ, Щучинск, Зеренді, Еңбекшілер, Бұланды, Жарқайың, Целиноград, Шортанды аудандарының жылыжай шаруашылықтарын қалпына келтіру мүмкіндігі бар", - деп сөзін түйіндеді А. Рау.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны