09.07.2007, 15:16 2456

"Сарыарқа" ИКК облигациялар шығара бастамақшы

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Сарыарқа" Илеуметтік -кәсіпкерлік корпорациясы (ИКК) облигациялар шығара бастамақшы. Бұл туралы бүгін үкіметте өткен селекторлық жиында ""Сарыарқа" ИКК Ұлттық компаниясы" АҚ басқармаларының төрағасы Альберт Рау мәлім етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Түрлі жобаларға қатысу үшін ИКК-ына бюджеттен бөлінген қажетті қаржының көлемі қазірдің өзінде 2 млрд теңгеге жетті. Осыған байланысты біз "Астана-финанс" АҚ мен Алматыдағы аймақтық қаржы орталығының қолдауымен қосымша қаржы көздерін тарту үшін облигация шығару жұмыстары қолға алдық", - деді А. Рау.

Оның айтуынша, ИКК іс жүзінде жұмысқа кіріскен ағымдағы жылдың наурыз айынан бері АҚ басшылығы жеке меншік сектормен ынтымақтастық жөнінде 50 шақты ұсынысты қарады. "Соның ішінде жалпы инвестиция көлемі 22 млрд теңгені құрайтын 15 жоба іріктелді", - деді АҚ басқармаларының төрағасы.

Оның айтуынша, мәселен, Ақмола облысының Есіл қаласында жылына 150 мың тонна биоэтанол өндіретін зауыт салу жобасы бар. "Өнім келесі жылдың аяғында шығарыла бастайды, соның ішінде ИКК үлесі - 34%", - деді ол. Бұған қоса, басшының айтуынша, ИКК-нің қатысуымен Ақмола облысының Макинка ауылындағы бұрынғы поршенді шығыршықтар өндіретін зауыттың негізінде құрылыс материалдары - газбетонды қабырға блоктарын өндіру (жылына 50 мың текше метр) және минералмақта плиталарын өндіру (жылына 10 мың тонна) зауыттарын салуға бағытталған екі жоба жүзеге асырыла бастады. "Инвестициялар көлемі - 2,9 млрд теңгеге тең, қазір жабдықтар сатып алынып, монтаждау жұмыстары басталды, өндірістер 2007-жылдың аяғында пайдалануға беріледі, олардағы ИКК үлесі - 25%", - деді "Сарыарқа" басшысы.

"Өңір үшін аса маңынза әлеуметтік жобалардың бірі - Щучье-Бурабай шипажай аймағындағы қатты қалдықтарды өңдеу жобасы болмақ, жоба құны - 104 млн теңге, ИКК үлесі- 49%, шипажай аймағындағы барлық нысандарда орнатуға арналған контейнерлер сатып алынып жөнелтілді. Алдағы уақытта қоқыс өңдеу зауытын салу жоспарланған", - деді ол.

"Жеміс-көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету проблемасын шешу үшін біз Астана маңындағы Қосшы ауылы мен Щучье ауданындағы Қотыркөл ауылында көкөніс сақтау қоймаларын жаңалап жатырмыз", - деді А. Рау. Оның айтуынша, аталған қоймалардың қуаты тиісінше 5000 және 3700 тонна болмақ. "Бұл жобаларға жалпы алғанда 600 млн теңге көлемідне инвестиция жұмсалады, олардағы ИКК үлесі - тиісінше 25% және 49% ", - деді ИКК жетекшісі.

Оның айтуынша, аталмыш нысандарда жөндеу жұмыстары басталып, жабдықтарды жеткізу жөнінде шарт жасалды. "Қоймалар күзде жаңаланып аяқталып, 2007-жылғы түсім сақталатын болады, қазір Қарағандыда осындай қоймаларды ашу жөніндегі жоба бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр", - деді "Сарыарқа" басшысы.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ""Сарыарқа" ИКК Ұлттық компаниясы" АҚ президенттің 2007-жылғы 13-қаңтардағы жарлығымен пилотты жоба ретінде құрылған. Ақпанда ИКК-ның өкілдіктері Көкшетау мен Қарағандыда ашылды, ИКК-ның іс-қызметі ағымдағы жылдың наурыз айында басталды. Ол кезде оның иелігіне 10 мемлекеттік кәсіпорын берілді: Қарағанды облысының коммуналдық меншігінен үш ЖШС, Ақмола облысынан - төрт, Астанадан - бір , республикалық меншіктен екі АҚ.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны