29.05.2008, 17:35 2961

Сәрсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша мұнайдың негізгі сорттарының бағасы көтерілді

Сәрсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша мұнайдың негізгі сорттарының бағасы көтерілді

Мәскеу. 29 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сәрсенбі күні болған сауда қорытындысы бойынша мұнайдың негізгі сорттарының бағасы тағы да көтерілді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "ОМТ-Консалт" компаниялар тобының мұнай нарығына жасаған шолуларына сілтеме жасай отырып.

Компаниялар тобының мәліметтеріне сүйенсек, Солтүстік теңіздің Brent маркалы мұнайына жасалған шілде келісімшарты Лондонның "Inter Continental Exchangе" биржасында $2,62 қымбаттап, барреліне 131,03 АҚШ долларына жеткен.

Шолуда көрсетілгендей, доллар бағамының нығайғанына қарамастан (Dollar Index 0,3% пайызға - 72,605 дейін көтерілді), мұнайдың негізгі сорттарының бағасы АҚШ-тағы мұнай және мұнай өнімдерінің қоры жөніндегі қарама-қайшылықты болған мәліметке байланысты нарыққа қатысушылардың алаңдаушылығына байланысты қымбаттаған.

Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, АҚШ-тағы шикі мұнай қоры өткен аптада 750 мың баррельге, жанармай қоры 400 мың баррельге, дистилляттар қоры 800 мың баррельге ұлғайған. Ал басқа сарапшылардың пайымдауынша, АҚШ-тағы шикі мұнай қоры өткен аптада 600 мың баррельге, жанармай қоры 300 мың баррельге азайып, дистилляттар қоры 850 мың баррельге ұлғайған, деп толықтырылған шолуда.

"Мұнай фьючерстеріне "Morgan Stanley" компаниясының мұнай нарығындағы жағдайдың дамуы жайында жасаған болжамдары да қолдау көрсеткен. Morgan Stanley мамандарының пайымдауынша, Солтүстік теңізде өндірілетін Brent маркалы мұнайдың 1 баррелінің бағасы 150 АҚШ долларына жетуі ықтимал. Бұл мәлімдеме спекулянттарға жағдай жасап, олар бағаның көтерілуіне ойнады", - деп түсіндірді мұнай нарығының сарапшылары.

Нарық сарапшыларының пайымдауынша, мұнай бағасының өсуі сонымен қатар, дамушы нарықтарда мұнайға деген сұраныс өте жоғары болып отыр. Осыған байланысты жазда Пекин қаласында Олимпиада ойындарының өтуі кезінде ішкі сұранысты қанағаттандыру үшін China Petroleum & Chemical Corp мұнай өнімдерінің экспортын ағымдағы жылдың үшінші тоқсанында тоқтата тұрады, деп атап көрсетілді.

Сондай-ақ, нарық ойыншылары арасындағы жағдайды Нигериядағы оқиғалар шиеленістіре түсуде. "Нигерия баскесерлерінің елдің мұнай өндіретін аудандарында бірқатар лаңкестік әрекет жасаймыз деп қорқытулары нарыққа қатысушылардың дүниежүзілік нарыққа мұнай жеткізудің тоқтап қалу мүмкіндігі жайындағы қауіптерін ұлғайтты", - деп көрсетілген шолуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны