13.03.2009, 18:34 3315

Сауд Арабиялық кәсіпкерлер Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы құюға ниет білдіруде

Сауд Арабиялық кәсіпкерлер Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы құюға ниет білдіруде

Астана. 13 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Сауд Арабиялық кәсіпкерлер Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы құюға ниет білдіруде. Бұл туралы кеше Ауыл шаруашылығы министрлігінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ақылбек Күрішбаев пен Сауд Арабиясы Корольдігінің экономика және жоспарлау министрі Халед Бен Мухаммад әл -Кусейбидің кездесуінде айтылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР АШМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жүздесу барысында тараптар, Қазақстандағы Агроөнеркәсіп кешені саласының қазіргі жағдайы мен ауыл шаруашылығы саласында екі жақты ынтымақтастық байланыстар орнату мәселелерін талқылады.

Сауд Арабия Корольдігі Қазақстанның ауылшаруашылығы секторына оның ішінде, дәнді дақыл мен мал шаруашылығындағы экспорт пен өндірісті дамыту үшін инвестиция құюға қызығушылық танытып отыр.

Бас қосу кезінде Сауд Арабиясының министрі Қазақстанды бауырлас ел ретінде танитынын әрі, мұсылман мемлекеті ретінде елімізге қомақты инвестиция құюға ынталы екендігін жеткізді. Бұл үшін Халед Бен Мухаммад әл -Кусейби мырза ашықтық және заң талаптары түсінікті болса деген ұсыныс жасады.

Ал, өз кезегінде Ақылбек Күрішбаев елімізде шет елдік инвесторларға қолайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Бұдан өзге, Агроөнеркәсіп кешені саласында салық жеңілдіктері қарастырылған. Ауылшаруашылығы тауарын өндіруші (заңды тұлғалар) арнайы салық кестесі бойынша, инвесторлар үшін арнайы қарастырылған 70 пайызға дейін төмендетілген салық төлемдерін пайдалана алады.

Министр Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласына қомақты қаржы құюға ниет білдірген Сауд Арабиялық бизнесмендерді нақты шаруашылықтарға келіп, жақын танысып бірлескен жобаларды тиімді жүзеге асыруға шақырды. Сонымен қатар, Қазақстан аумағында егін шаруашылығы саласына арналған 3-5 млн гектар жерлерді игеруге үлес қосуға болады. Бұл жобада да Сауд Арабиясының кәсіпкерлерінің бақтарын сынауға мүмкіндік бар екенін айтты.

Жүздесу соңында Ақылбек Қажығұлұлы министр ретінде ауыл шаруашылығы саласына қаржы құйған инвесторларға қажетті қамқорлықтың жасалатынын жеткізді. Бұдан бөлек, еліміздегі мал шаруашылығы саласында қой, сиыр еттеріне және биязы жүн өңдейтін кәсіпорындарды қаржыландыруда қолайлы жағдайдың жасалғанын сөз етті. Қазақстанның табиғат ерекшеліктеріне байланысты бидайы және биязы жүнді қойлары мен мақтанатынын атап өтті.

Сондай-ақ, тараптар биылғы жылғы мамыр айында елімізде жоспарланған Қазақстан мен Сауд Арабиясы Корольдігінің іскер топ өкілдері арасында өтетін форум кезінде осы мәселелерді жан-жақты талқылап, пысықтауға уәделесті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны