18.05.2009, 13:43 1530

Сауд Арабиясы ғарышқа зымырандар ұшыруды Қазақстанмен ынтымақтастықтың бір саласына балайды

Сауд Арабиясы ғарышқа зымырандар ұшыруды Қазақстанмен ынтымақтастықтың бір саласына балайды

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сауд Арабиясы ғарышқа зымырандар ұшыруды Қазақстанмен ынтымақтастықтың бір саласына балайды. Бұл туралы бүгін Қазақстан -Сауд Арабиясы іскерлік кеңесінің тең төрағасы, Сауд Арабиясы Корольдігінің инвестициялар жөніндегі агенттігінің төрағасы Амр Даббах бүгін екі елдің бірлескен бизнес-форумында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазақстанда ғарышқа зымырандар ұшырылатынын біз білеміз, бұл да Сауд Арабиясы университеттерімен ынтымақтастықтың бір жолы", - деді А. Даббах.

"Біз Қазақстан ғалымдарын, серіктестерімізді король Абдалла университеті қаржыландыратын бірлескен зерттеулер жүргізуге шақырамыз", - деді ол.

"Біз сонымен бірге Қазақстандағы мүдделі тұлғаларды өз қызығушылықтары туралы ақпаратты бізге жеткізуді ұсынамыз, ал оларды біз университетке табыстаймыз, сол арқылы ынтымақтастық салалары айқандалады", - деді ол.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны