18.05.2009, 11:55 2418

Сауд Арабиясы инвестиция тарту және туризм саласын дамыту үшін Қазақстанға визалық режимді алып тастауды ұсынады

Сауд Арабиясы инвестиция тарту және туризм саласын дамыту үшін Қазақстанға визалық режимді алып тастауды ұсынады

Астана. 18 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Сауд Арабиясы инвестиция тарту және туризм саласын дамыту үшін Қазақстанға визалық режимді алып тастауды ұсынады. Бұл туралы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қазақстан -Сауд Арабиясы іскерлік кеңесінің тең төрағасы Абдурахман аз-Замиль бүгін екі елдің бірлескен бизнес-форумында мәлімдеді, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Екі ел арасындағы инвестициялық қарым-қатынастарды дамыту үшін туризмді дамыту аса маңызды. Екі ел арасындағы туризм сауда-саттық пен инвестициялар үшін көпір болмақ", - деді Абдурахман аз-Замиль.

"Қазақстанға келу үшін виза алу қажет, бұл - осы бағытты дамытудағы басты кедергі. Қазақстан үкіметі осындай визалық режимді алып тастай алар еді. Мен біздің ел мен Түркия, Малайзия арасындағы тәжірибені зерттеуді ұсынамын", -деді Қазақстан -Сауд Арабиясы іскерлік кеңесінің тең төрағасы.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны