04.05.2020, 12:32 5196

Сауда министрлігі экспорттаушылардың 234 млн теңге шығындарын өтеуді қолдады

Жылдың басынан бері шығындарды өтеу дің жалпы сомасы шамамен 234 млн теңгені құрады.

Алматы. 4 мамыр. Kazakhstan Today - Сауда министрлігі экспорттаушылардың 234 млн теңге шығындарын өтеуді қолдады.

Сауда және интеграция министрлігінде Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) 2-інші отырысы өтті.

10 компанияның 17 өтінімі бойынша жалпы 84,6 млн.теңге сомасы мақұлданды.

Олар: "Цин-Каз" ЖШС, "Проммашкомплект" ЖШС, "Selena Insulations-Селена Инсулейшнс" ЖШС, "Кублей" ЖШС, "Пойма Май Комбинаты" ЖШС, "АЙ-АР" ЖШС, "Сервисно-заготовительный центр "АгроТраст" ЖШС, "Царская Каша KZ" ЖШС, "Жантөре Саудакент" ЖШС, "Молпродукт" ЖШС сияқты компаниялар. Компаниялар өнеркәсіптік, тамақ және ауылшаруашылық өнімдерін: теміржол немесе трамвай жолдарына арналған жол-механикалық жабдықтар мен құрылғылар; томат пастасы, кетчуп, консервіленген көкөніс салаттары, маринадталған қияр; ет, консервіленген өнімдер; ұн, кебек; сүт өнімдері өндірісімен және экспортымен айналысады. Аталған компаниялардың өнімдері Ресей, Қырғызстан, Әзірбайжан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан және Қытай нарықтарына жеткізіледі.

Ағымдағы жылдан бастап бюджеттік қаражатты тиімді пайдалану мақсатында кәсіпорындар жұмыс орындарының саны; экспорт көлемі; еңбек өнімділігі; дайын өнім көлемі сияқты көрсеткіштерді ұлғайту бойынша бірқатар маңызды міндеттемелерді өздеріне алды.

Одан басқа, экспорттаушы компаниялар экспорттық өткізу нарықтарын кеңейтуге және Беларусь, Украина, Чехия, Болгария, Польша, Түркия және Ауғанстан нарықтарына дейін өнімдерін ілгерілетуге міндеттенеді.

Бұрын, 1-інші ВАК нәтижесі бойынша, 3 компания ("Кондитерская фабрика "Сауле" ЖШС, "Обувная фабрика SAMHAT" ЖШС, "АБИ-Экспорт" ЖШС) бойынша жалпы 149,3 млн тг. сомасына оң шешім қабылданған.

Жылдың басынан бері шығындарды өтеу дің жалпы сомасы шамамен 234 млн теңгені құрады.

Анықтама:

Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесіне сәйкес (Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 1128 бұйрығымен бекітілген) бірқатар шығындар өтеуге жатады. Атап айтқанда, шетелде тауарларды ілгерілетуге және жарнамалауға байланысты шығындар, көрмелерге қатысуға арналған шығындар, шетелде тауар таңбаларын (брендін) тіркеуге байланысты және тауарлардың техникалық регламенттерде, стандарттарда белгіленген талаптарға сәйкес келу рәсімдеріне арналған шығындар.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны