02.03.2020, 21:49 6175

Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы

2019 жылдың қорытындысы бойынша оның әсері Жалпы ішкі өнімнің құрылымында 17%-тік, ал нақты өсімде 7,6%-тік үлесті құрады.

Алматы. 2 наурыз. Kazakhstan Today - Сауданы дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының тұжырымдамасы

ҚР СИМ желісі бойынша

САУДАНЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ МАҢЫЗЫ ЖӘНЕ ҚАЗІРГІ ПРОБЛЕМАЛАРЫ

2019 жылдың қорытындысы бойынша оның әсері Жалпы ішкі өнімнің құрылымында 17%-тік, ал нақты өсімде 7,6%-тік үлесті құрады.

Саланың әлеуметтік әсерінен орташа жалақысы 187 мың теңгеден асатын 1,4 млн жуық адамды жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.

Саланың тиімді дамуына кедергі келтіретін 3 тапшылық:

заманауи сауда форматтарының аздығы;

сауда алаңдарының жетіспеушілігі;

тиімді қойма орындарының шектеулігі.

Осы проблемалар делдалдардың қыруар және күңгірт желісінің қалыптасуына алып келеді. Бұл тауарды өндірушіден тұтынушыға дейін оңтайлы тізбек бойынша жеткізуге мүмкіндік бермейді. Нәтижесінде, бүгінде біз азық-түлік бағасының негізсіз өсіп отырғанын және халықтың оларды сатып алуға айтарлықтай шығын жұмсайтынын байқаудамыз.

Ішкі нарықта шетелдік тауарлардың артып жатқанын көріп отырмыз. Олар негізінен сапасы төмен тауарлар. Бұл біздің азаматтарымыздың өмір сүру сапасының деңгейіне де әсер етеді.

Бүгінгі күрделі проблемалардың бірі - қабылданған 8800-ден астам ұлттық стандарттардың жартысы қажетсіз деген оймен бизнесте қолданылмайтыны. Отандық өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін сынақ базасы да жаңғыртуды қажет етеді.

Сыртқы нарықтағы отандық тауардың бәсекеге қабілеттілігі экспорттық қоржынды әртараптандырудың төмендігін көрсетеді.

Сонымен қатар, тауарлар мен қызметтер экспортын шетелде ілгерілету бойынша қалыптасқан инфрақұрылымның жоқтығы мен қойылған барьерлер сыртқы нарықтарға қол жеткізу процесін әлдеқайда қиындатады.

2021-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН САУДАНЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ

Біз 2025-ші жылы 7 макроиндикаторларға қол жеткізуді көздейміз. Олардың ең маңыздыларын атап өтсек.

Саланың жалпы қосылған құндағы көлеңкелі қызметтердің үлесін 31%-ке дейін төмендеуі, ұлттық стандарттарды қолдану деңгейін 75%-ке дейін жеткізуі және тауарлар мен қызметтердің шикізаттық емес экспортын 41 млрд. АҚШ долларға дейін ұлғайтуы.

Біз 2021 - 2025 жылдарға арналған сауданы дамытудың ұзақ мерзімді стратегиясын жоспарлау барысында 7 негізгі міндеттерді белгіледік.

1. Өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін арттыру.

Халықаралық стандарттау ұйымының ISO стандарттарына сәйкестендіру мақсатында отандық кәсіпорындардың өндірістерін сертификаттау бойынша ынталандыру шаралары әзірленеді.

2. Сауда саласында білікті адами капиталды қалыптастыру.

Кәсіпкерлердің құзыреттерін жоғары деңгейге жеткізу мақсатында, кадрлар даярлау жүйесі қайта қаралатын болады. Ол сауда саласындағы мамандықтардың дәрежесін арттыруға бағытталады.

Саудалық-өткізу тізбегін қалыптастыру кезеңінде құзыреттілік орталықтардың үлесі маңызды. Олар агро-өнеркәсіп кешені субъектілерін бизнесті тиімді жүргізу негіздеріне оқытатын болады.

3. Оңтайландырылған цифрлық сауда процесін қамтамасыз ету.

Стационарлық сауда және қызмет көрсету объектілерінде бизнесті цифрландыру мәселелері пысықталатын болады.

Тауарларлардың бағасын тұрақтандыру, сонымен қатар, болашақ бағалардың сапалы болжамдау және оларды сақтандыру мәселелері биржалық сауданы дамыту шаралары шеңберінде жалғасады.

Біздің бағалауымыз бойынша, көлеңкеден шығарылған тауар айналымы бюджетке салық түсімдерін шамамен жарты триллион теңгеге ұлғайтады.

4. Көп форматты сауда-тарату инфрақұрылымын құру

Бұл бастаманы іске асыру үшін көтерме-тарату және агро-логистикалық орталықтар желісі құрылатын болады. Олар өндірушілерге өз өнімдерін сақтауды, қаптауды, сонымен бірге ішкі және сыртқы нарықтарға жеткізуді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, көтерме-тарату орталықтары мен отандық тауар өндірушілердің арасында сервистік-дайындау орталықтары маңызды байланыстыру жұмысын атқарады.

Нәтижесінде, барлық стационарлық емес әмбебап базарлары жаңғыртылатын болады. Жалпы алаңы 6,7 млн шаршы метрді құрайтын 51 мың сауда объектілері ашылады. Еліміздің өңірлерінде 15 агро-логистикалық және 6 көтерме-тарату орталықтары іске қосылады.

5. Қолайлы тұтыну ортасын қалыптастыру

Көлеңкелі бизнес деңгейін төмендету және тауарлардың бағасын тұрақтандыру мақсатында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларын өндіру мен сатуға ынталандыратын шаралар қабылданады.

Аталаған міндеттерде көзделген барлық шаралар ішкі тауар айналымы көлемін 72 триллион теңгеге жуық өсуін қамтамасыз етеді.

6. Шикізаттық емес тауарлар мен қызметтердің импортын және экспортын сапалы диверсификациялау.

Ол экспорттың жалпы көлемінде қайта өңделген өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өнімдерінің үлесін арттыруға, сондай-ақ белсенді экспорттаушылардың санын бір мыңға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Осы бағытта маңызы, нысаналы және әлеуетті сату нарықтары негізінде өнімдер мен қызметтер айқындалып, басымды түрде іріктеледі.

Білім, медициналық және туристік қызметтерді ілгерілету арқылы "сервистік экономиканы" дамыту бойынша шаралар қабылданатын болады.

7. Ішкі және сыртқы нарықтарда отандық тауарлар өндірушілеріне қолайлы жағдай жасау.

Ұлттық сыртқы сауда саясаты экономикалық дипломатия құралдарын пайдалану, жан-жақты экономикалық интеграциялық бірлестіктердің алаңдарында ұлттық және бизнестің мүдделерін ілгерілету мен қорғау арқылы әлемдік экономикалық интеграцияға бағытталатын болады.

Бұл көршілес Орталық Азия елдерімен тауар айналымының үлесін 20%-ке дейін жеткізуге ықпал етеді. Сонымен бірге, еркін сауда аймағы туралы келісім жасасқан елдерге өңделген өнімнің экспортын арттыруға мүмкіндік береді.

2021-2025 ЖЫЛДАРҒА ҚАЖЕТТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУ

Алдын ала есептер бойынша 5 жылға жалпы 271 млрд теңгеге жуық қаражат қажет, оның ішінде:

55 млрд. теңге - экспорттық-сақтандыру мен мемлекеттік кепілдендіруге;

38 млрд. теңге - тауарлар экспорты мен электрондық сауданы ілгерілетуге;

178 млрд. теңге сауда-логистикалық инфрақұрылымының құрылысы, базарларды жаңғырту, сауда желілерін дамыту және цифрландыру үшін.

Бұның ішінде болашақта тартылатын инвесторлардың қаражаты да қарастырылған.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны