08.05.2018, 21:05 4547

Сәуір айында "Бастау" 160 ауданда өз жұмысын бастады

Биыл "Атамекен" "Бастау" жобасы бойынша 30 мыӊ адамды оқытпақ. Түпкі мақсат - еліміз бойынша 6 мыӊдай жаӊа бизнес-жобаны қолға алу. Ир жоба - бұл пайда көзі мен жаӊа жұмыс орындары ғана емес. Көп қатысушы үшін бұл өмірдіӊ өзі.

Астана. 8 мамыр. Kazakhstan Today - Жұмыссыз адам бизнесмен бола ала ма? Иә, әбден мүмкін! "Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жеке кофехана, ТЖО, фермерлік қожалықты ашу мүмкін екенін екі жыл қатарынан тиімді жоба, нақты мысалдармен дәлелдеп келеді.

2017 жылы "Атамекен" бірегей жоба - "Бастауды" іске қосады. Бұл жоба 2017-2021 жылдарға арналған "Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" бағдарламасыныӊ екінші бағыты аясында жүзеге асырылып жатыр. Жобаныӊ басты ерекшелігі - кез келген жұмыссыз бен өзін-өзі жұмыспен қамтыған азамат кәсіпкерлік негіздерін менгеріп, жеке кәсіп ашуға жеӊілдетілген несие ала алады. Бизнес саласы жаӊа жұмыс орындарын ашып, мемлекет қазынасын толтырады.

2018 жылы "Бастаудыӊ" ауқымы еке есе артты: алғашқы тоқсан бойы жобалық команда жұмыс бастауға дайындалды. Былтыр біліктілігін танытқан бизнес-тренерелер легіне тағы 100 тренер қосылды. Осы ретте әр бизнес-тренер "Атамекен" қанаты астында семинарлар мен жеке жаттығуларда үнемі біліктілігін арттырып отыр.

Сәуір айында "Бастау" 160 ауданда өз жұмысын бастады. Оқу парталарына 8 557 адам отырды. Ары қарай қатысушыларға моно қалалар мен облыс орталықтарындағы тұрғындар қосылады. Осы жылдыӊ тағы бір жаӊашылдығы - Тыӊдаушыларға анағұрлым тереӊ білім беріледі. Мәселен, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығындағы бизнес ерекшеліктеріне білікті мамандар оқытады. Ал жоба ұзақтығы өзгерген жоқ - 30 күндік оқыту бағдарламасы 12 модульден тұрады.

Арманға апарар жол

Бірнеше жыл бойы жоғары оқу орны немесе колледже оқып шыққан жандар таӊдаған мамандықтарына көӊілі толмай жатады. Көп адам жұмыстарын тастап, жаӊа бастамаларды қолға алуда. Тағы бір топ адам еӊбекақыға жұмыс істеуден шаршап, жеке кәсіп бастауға бел буған. Бұлардыӊ барлығы "Бастаудыӊ" қатысушылары.

21 жасар Татьяна Горбач - қостанайлық фитнес-тренер. Ал бойжеткенніӊ негізгі мамандығы - дәнді дақылдар технологы. Татьяна бұл мамандықты өзі таӊдайды, өйткені туған өлкесі Қостанайда мұндай мамандық сұраныста. Алайда технолог болып жұмыс істеу бұйырмады.

"Бүгінде жұмыс берушілер жұмыс өтілін сұрайды. Ал мен ол өтілді қайдан алам, кеше ғана оқу орнын бітіріп шықсам? Мен жан қалауыма жақын жұмыс таптым, бірақ 50 жасымда өзімді спорт жаттықтырушысы ретінде елестете алмаймын. Өзіме сенгім келеді, басымда түрлі идеялар бар, соларды іске асырсам деймін. Аялдамада "Бастау" туралы хабарламаны көргенімде, ойланбастан қатысуға өтінім бердім. Өкінгенім жоқ. Мұнда өте қызықты!", - деді Татьяна.

Оқу барысына қарай Татьяныӊ идеялары трансформацияға ұшырап жатыр - бірі нақтылыққа қарай ұмтылып, кейбірі тіпті ұмытылды. Бойжеткен осы идеяныӊ біреуі ғана мәреге жетіп, өмірін өзгертетініне кәміл сенеді. Ал Алматы облысы Теректі ауылыныӊ тұрғыны Илия Кенжесариева "Бастаудан" алған білімін қайда бағыттайтынын нақты біледі. Келіншек бизнес психологиясына қызығады.

"Бұл меніӊ кәсіпкерліктегі алғашқы тәжірибем болмақ. Сондықтан бизнес-жоспар құруды және маркетингті менгергім келеді. Ауылым мал шаруашылығын бастауға қолайлы. Сондықтан шағын ферманы ашуды қолға алмақпын. Жұмыспен 3-4 адам қамтылады деген жоспар да бар", - деді тыӊдаушы.

Жоба қатысушыларыныӊ айтуынша, "Бастау" жеке бизнес ашуда нақты мүмкіндік. Олар кәсіпкерлік негіздері курсына қатысуға шақырады.

Курстан кейін идеялар толастамайды

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы мен тренерлер бағдарлама аяқталған соӊ түлектер жайында ұмытпайды әрі олардыӊ әр жеткістігіне қуанады. Жеке кәсіп бастаудыӊ табысты үлгілерін бүкіл Қазақстан бойынша мысалға алуға болады. Бизнесін сәтті бастағандардыӊ бірі - Ертіс ауданыныӊ тұрғыны Аманжол Алтыбаев. Бастауыш кәсіпкер жастайынан металдан бұйымдар жасап, осы кәсіпті өмірімен байланстыруды армандап келген.

Аманжолдыӊ алғашқы бұйымдары қарапайым болатын, өйткені олар қол құралдары көмегімен жасалатын. Кәсіби жабдық алуға мүмкіндік болған жоқ. 2017 жылы кәсіпкер газет беттерінен "Бастау" бағдарламасы жайында естіп, қатысады. Бүгінде "Арман" жеке кәсіпкерлігінде әке мен бала жұмыс істейді, мұнда қақпалар, есіктер, темір әшекейлер мен басқа да заттар жасалады. Өнім жақсы сұраныста.

"Мен арманымды орындап, сүйікті ісіммен айналысып жатырмын. Ары қарай фрезерлі білдекті алып, кәсіпті кеӊейтпекпін", - деді Аманжол Алтынбаев.

"Бастау" бизнес бастауда отбасыларға ғана көмек көрсетіп жатқан жоқ. Қос дос Александр Туракевич пен Олег Микеда аған өӊдеу цехын ашуды көптен бері армандайды. Александр терезе жақтаулары, есік, жиһаз және басқа ағаш бұйымдарын жасау бойынша жеке тапсырыстарды қабылдап жүр. Ал Олег дайын өнімді сатумен айналысқан. Оқудан өткен соӊ екі дос жеке кәсіпті ашуға бел буады.

"Бастау" жобасы арқылы мен 2 730 000 теӊге көлемінде 6 пайыздық жеӊілдетілген несие алдым. Осы қаражатқа өндіріске қажетті білдектерді сатып алдым. Тренерлердіӊ кеӊесі арқасында толыққанды бизнес ашуға қол жетті, біз бірігіп бизнес-жоспарды әзірледік. Биылдан бастап жоба республиканыӊ барлық аудандарында өтетіні қуанышты жағдай. Жоба беретін білім ауыл тұрғындарына керек", - дедіТуракевич.

Бизнесмендер қол жеткен жетістікпен тоқтап қалмақ емес. Олар бизнестерін қала шеӊберінен асыра алды. Кәсіпкерлер өнім сапасын үнемі жоғарылатып келеді.

"Бүгінде нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін сапа туралы ұмытпау керек. Біз бұл тұрғыда тырысып жатырмыз. Шикізат пен материал Ресейден алынады. Тапсырыс бойынша жұмыс істейміз, ағаштан терезе, есік, қақпа дайындаймыз", - деді Олег Микеда.

Шағын несиелер көп болады!

Былтыр "Бастау" бойынша 3 мыӊ адам жеке кәсібін ашып немесе бизнесін кеӊейте алды. Тағы 8 мыӊнан аса адам бизнес-жоспарларын сәтті қорғады. Тәжірибе көрсеткендей, жеке кәсіп бастағысы келетін ынталы азаматтар көп, ал бюджеттен бөлінген қаражат аз болып қалды.

Биыл Мемлекет басшысыныӊ тапсырмасымен шағын несиелеуге екі есе көп қаражат бөлінді. Бұл Президенттіӊ бес әлеуметтік бастамаларыныӊ бірі.

"Атамекен" ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасы азаматтарды тегін оқыту арқылы пайдалы жұмыс атқаруда. Осыған дейін кәсіпкерлікке көп адам оқыды. Сонда олардыӊ әрқайсысы күнделікті газет оқып, барлық заӊдар мен ережелерді жатқа біліп отыр деп ойлайсыздар ма? Бұл олай емес! "Атамекен" игі істі бастап отыр. Олар сенімді жұмыс істей алатын адамдарды дайындай алды. Бірақ, оған бастапқы капитал керек. Шағын несиелеуді бірінші кезекте осы кісілер алады", - деді Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамбелясыныӊ XXVI сессиясы барысында.

Биыл "Атамекен" "Бастау" жобасы бойынша 30 мыӊ адамды оқытпақ. Түпкі мақсат - еліміз бойынша 6 мыӊдай жаӊа бизнес-жобаны қолға алу. Ир жоба - бұл пайда көзі мен жаӊа жұмыс орындары ғана емес. Көп қатысушы үшін бұл өмірдіӊ өзі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны