11.12.2007, 16:36 2145

Сейсмикалық күшейтуге арналған қаржы орынды пайдаланылмайды -Есеп комитеті

Сейсмикалық күшейтуге арналған қаржы орынды пайдаланылмайды -Есеп комитеті

Астана. 11 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Алматының білім беру және денсаулық сақтау нысандарының сейсмикалық күшейтілуіне бөлінген қаржы кейде орынды жұмсалмайды. Бұл туралы Есеп комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Есеп комитеті хабарлағанындай, тексеру кезінде "Алматы және Алматы облысының білім беру және денсаулық сақтау нысандарының сейсмикасын күшейтуге бюджеттен бөлінген қаржыны жұмсау жағын тікелей трансферттер әкімшілігі тиісті деңгейде бақыламайтындығы анықталды. Бюджет қаржысы кейде жолдарды күрделі жөндеуге, тағы да басқа жұмыстарға пайдаланылады".

"2006 - 2007 жылдары Алматы қаласы және Алматы облысының денсаулық сақтау және білім беру нысандарының сейсмикасын күшейтуге бөлінген тікелей трансферттер бойынша 402,7 млн теңге мөлшеріне орныдалмағандығы анықталды. Республикалық бюджеттен тікелей пайдаланылмаған қаржы мөлшері 283,7 млн теңгені құраса, тиімсіз қолданылған қаржы-33,8 млн теңге. Ал негізсіз пайдаланылған ақша мөлшері -81,5 млн. теңгені және тағыда да басқа бұзушылықтар-3,7 млн теңгені құрады", деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Есеп комитеті хабарлағанындай, "2006 жылы денсаулық сақтау нысандарына бөлінген 93,8 млн теңге, Алматының №1 перзентханасы №4 корпусының күрделі жөндеу жұмыстарына жұмсалды, ал ғимарат құрылымының сейсмикасы күшейтілмеді".

"Ал кейбір ғимараттардың сейсмикасы күшейтілгенімен,олардың тұрақтылығы бойынша жасалған сараптық бағалау зерттеулері сапасыз жүргізілгендігі анықталды. Жобаның сейсмикалық тұрақтылығын анықтау және нысандардың сейсмикасын күшейту жөнінде құрылымдық шешімдер мемлекеттік лицензиясы болмаған ұйымдармен жасалып отырған. Кейбір нысандар бойынша күшейту жұмыстары экономикалық -техникалық негіздемесіз жүргізілген. Сарапшылар сейсмикалық күшейту жөніндегі техникалық есеб-қисабын, заң күші жоқ нормативтік -техникалық құжаттарын пайдаланып жасағандығы белгілі болды", -делінген ақпаратта.

Баспасөз хатында айтылғанындай, "Индустрия және сауда министрлігінің құрылыс және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы істері жөнінде комитетінің ғылыми-техникалық кеңесінің бекіткен нормативтері бойынша, ғимаратты 9 балдық деңгейге қарсы төтеп бере алатын күшейту жұмыстарының орташа бағасы кешенді күшейту жұмыстары мен күрделі жөндеулерді қосқандағы жалпы бағасының 40% құрау керек. Алайда, мұндай талаптар орындалмайды. Алматыда ғимараттарды күшейтуге жұмсалған қаржы мөлшері №1 перзентхана бойынша 6%, №167 бала-бақшасында- 2,6 %, №73 бала бақшасында- 8%, №74 балат бақшасында- 9% құрады".

Алайда бағдарлама үйлестірушілері, тікелей трансферттер есебінен ғимараттарды күшейту жұмыстарына бөлінген қаржыны ауруханалардың, бала-бақшалардың территориясын гүлдендіру, балалар алаңқайларын көгалдандыру, жолдарды жөндеуге жұмсаған.

"Алматы облысының құрылыс басқармасы 2007 жылы нысандардың сейсмикасын күшейтуге байланысты атқарылған жұмыстарына мердігерлік ұйымдардың баға шегерімдері ескерілмегендіктен, үш нысан бойынша 33,8 млн теңге артығымен төленген. Сондай-ақ, 3 ғимарат бойынша аяқталмаған жұмыстарға 12,3 млн теңге төленіп, 2 нысанда 3,3 млн теңгеге сапасыз жұмыс жасалған", - деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Есеп комитетінің қорытындысы бойынша, үкіметке "сейсмикалық күшейтілуге тиіс нысандар анықталып, оның қаржыландыруы нақты бекітілетін болсын. Сейсмикалық күшейтуге негізінен тарихи-сәулеттік құндылығы бар ғимараттар бірінші кезекте назарға алынуы керек. Алматы, Алматы облысы әкімдеріне, Индустрия және сауда министрілігінің тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және құрылыс істері бойынша комитетіне, республикалық бюджеттен денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы ғимарттардың сейсмикасын күшейтуге бөлінген трансферттік қаржыны орынды жұмсамаған қызметкерлердің жауапкершілігін қарастыруы тиіс".

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны