24.10.2007, 13:14 1442

Семейде 2007 жылдың 9 айында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру өткен жылдың қаңтар - қыркүйек айларымен салыстырғанда 13,2 пайызға төмен

Семейде 2007 жылдың 9 айында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру өткен жылдың қаңтар - қыркүйек айларымен салыстырғанда 13,2 пайызға төмен болды.

Семей. 24-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Семейде 2007 жылдың 9 айында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру өткен жылдың қаңтар - қыркүйек айларымен салыстырғанда 13,2 пайызға төмен, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Семейдің статистикалық бөлімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Статистиклық бөлімнің ақпараттарына сүйенсек, "2007 жылдың қаңтар - қыркүйек айларында қаланың жұмыспен қамтамасыз ету бөліміне жұмысқа орналастыру жөніндегі өтінішпен 4240 адам, кеңес алуға 4103 адам келген. Өткен жылдың осы мерзімінде жүгінген азаматтар 1,2 пайызға артық. Өтініш білдіргендердің 16,9 пайызы (715 адам) ауыл тұрғындары".

Тек 2007 жылдың қыркүйегінде жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі 325 адамды жұмысқа орналастырған, бұл тамыз айынан 116 адамға көп, деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ статистикалық бөлімдегілер, "жалпы 2007 жылдың 9 айында 2952 адам жұмысқа орналастырылған, бұл өткен жылдың қаңтар - қыркүйек айларындағы көрсеткішпен салыстырғанда 13,2 пайызға төмен. Семей қаласы бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 69,6 пайызды құрайды", деп қосты.

Статистика бөлімінің мәліметтеріне сүйенсек, 2007 жылдың 1-қазанында қалалық жұмыспен қамтамасыз ету және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген жұмыссыздардың саны 2200 адамды құраған, бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 14,1 пайызға төмен. "Тіркелген жұмыссыздардың жалпы санының 19,6 пайызы (432 адам) ауыл тұрғындарының үлесінде. Ал барлық тіркелген жұмыссыздардың (1629 адамның) 74 пайызы әйел",- деп қосты бөлім қызметкерлері.

"Қала кәсіпорындары мен ұйымдарының жұмысшыларға деген сұранысы 2007 жылдың 1-қазанында 1536 адамды құрап отыр. Бір орынға орта есеппен бір жұмыссыздан келеді",- деді Семейдің статистика бөліміндегілер.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны