29.07.2014, 20:00 7788

Семейде ШОБ-ті тексеруге мораторий жариялау бюджет түсімін төмендеткен жоқ - әкімдік

"Біз қаладағы кәсіпкерлердің бұл мүмкіндікті өз табысын жасыру немесе кейбір заңдылықтар мен тәртіптерді сақтамау мүмкіндігі емес, керісінше, өзін-өзі басқару, үлкен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде қарастыратынына көз жеткіздік", - деп атап өтті М. Нүгеров.

Семейде шағын және орта бизнес субъектілерін тексеруге жарияланған мораторий мәселелері талқыланды.

Семейдегі кәсіпкерлік бөлімінің жетекшісі міндетін атқарушы Марат Нүгеровтың айтуынша, алғашқы жарты жылдықтың қорытындысы бойынша бюджетке төленетін салық түсімі тұрақты. Биылғы бюджет түсімі өткен жылдың сәйкесінше кезеңімен салыстырғанда деңгейлес. Мораторий жарияланғаннан кейін кәсіпкерлер салық төлеуден жалтарады, санэпидбақылау мен өрт қауіпсіздік ережелерін сақтамайды деген күдіктер дәлелденбеді, - деп Семей қаласы әкімдігінен хабарлады.

"Біз қаладағы кәсіпкерлердің бұл мүмкіндікті өз табысын жасыру немесе кейбір заңдылықтар мен тәртіптерді сақтамау мүмкіндігі емес, керісінше, өзін-өзі басқару, үлкен жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі ретінде қарастыратынына көз жеткіздік", - деп атап өтті М. Нүгеров.

"Келер жылы барлық жоспарланған тексерулерді алып тастауды көздеп отырмыз. Егер кәсіпорынның үстінен шағым түсірілмесе, ол салығын уақытылы өтесе онда ол жерде тексеріс жүргізілмейді. Ал, егер компанияның атынан тұтынушылар немесе серіктесі шағым түсіретін болса немесе салығын уақытылы өтемесе онда ол тексерістен қашып құтыла алмайды", - деді ҰКП-ның Семейдегі филиалының төрағасы Ардақ Иділжанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны