11.05.2014, 19:40 3442

Семейде жол жөндеуді қаржыландыру 3,5 есеге көбейді

"Жалпы осы жылы шұңқырлы жөндеуге 70 млн теңге бағыттасақ, өткен жылы бұл сома 20 млн теңгені құраған болатын. Жол ұйымдарымен жұмыс үздіксіз жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын 12 маусымда аяқтамақпыз. 2014 жылы Семей қаласының жолдарын жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді", - деді А. Кәрімов.

Алматы. 11 мамыр. Kazakhstan today. Семей көшелерінің жолдарын жөндеуді 1 маусымға дейін аяқтау жоспарланған, деп қала әкімі Айбек Кәрімов қала активі кездесуінде айтты.

Ағымдағы жылы қаржыландыру 2013 жылмен салыстырғанда 3,5 есеге көбейді, деп қала әкімдігінің ресми порталы хабарлады.

Шұңқырлы жолдарды жөндеуге бөлінген 30 млн теңге әрекетке енгізілді.

"Жалпы осы жылы шұңқырлы жөндеуге 70 млн теңге бағыттасақ, өткен жылы бұл сома 20 млн теңгені құраған болатын. Жол ұйымдарымен жұмыс үздіксіз жүргізілуде. Жөндеу жұмыстарын 12 маусымда аяқтамақпыз. 2014 жылы Семей қаласының жолдарын жөндеуге 1 млрд теңге бөлінді", - деді А. Кәрімов.

Оның ақпаратынша, жаз айында Мичурин, Морозов, Железняков, Дальняя мен Шымкент көшелерінде жаңғырту жұмыстары жүреді, бұл көшелерде жөндеу жұмыстары соңғы рет 1980-1985 жылдары жүргізілген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны