08.04.2015, 19:41 4386

Сенат экономикалық саясат туралы бірқатар заӊ жобаларын қарады

Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы екінші оқылымда қаралды, деп хабарлады Сенаттыӊ баспасөз қызметі

Астана. 8 сәуір. Kazakhstan Today - Республикасы Парламенті Сенаты Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетініӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы екінші оқылымда қаралды, деп хабарлады Сенаттыӊ баспасөз қызметі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"Заӊ жобасыныӊ мақсаты тариф белгілеу процесі мен табиғи монополиялар субъектілері қызметініӊ ашықтығын жоғарылату, табиғи монополиялар субъектілерініӊ инвестициялық міндеттемелерді орындауын қамтамасыз ету, негізсіз шығындарды жою және тарифтік рәсімдерді оӊтайландыру, тұтынушылардыӊ құқықтарын қорғау, өтінімдерді қарау рәсімдерін және уәкілетті органныӊ шешім қабылдауын оӊайлату болып табылады", - делінген хабарламада, деп хабарлайды strategy2050.kz тілшісі.

Заӊ жобасымен бірқатар заӊнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заӊ жобасын талқылау барысында Сенаттыӊ тұрақты комитеттерініӊ ескертпелері мен ұсыныстарын ескере отырып, Мәжіліс мақұлдаған заӊ жобасына түзетулер енгізу қажеттілігі туындады. Мәселен, көлік құралдарыныӊ ақылы автотұрақтарда аялдауы немесе тоқтап тұруы қағидаларын бұзуды, ақылы автотұрақтарда төлем төлеуден, қала бағыттарындағы қоғамдық көліктерде жол жүру ақысын төлеуден жалтаруды болдырмау мақсатында бұл тыйымды бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікті қарастыру, одан басқа, қалалық қоғамдық көлікте тарифтерді жүрілген аялдама пункттерініӊ арақашықтығына қарай айқындау мақсатында "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Заӊында сараланған тарифті қарастыру ұсынылады.

Комитеттіӊ кеӊейтілген отырысында "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне ойын бизнесі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы екінші оқылымда қаралды.

Заӊ жобасыныӊ мақсаты Қазақстан Республикасыныӊ ойын бизнесі саласындағы заӊнамасыныӊ нормаларын жетілдіру және орын алған олқылықтар мен коллизияларды жою болып табылады.

Заӊ жобасымен Қазақстан Республикасыныӊ Азаматтық іс жүргізу кодексіне, "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасыныӊ Кодексіне (Салық кодексіне), Қазақстан Республикасыныӊ Икімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді, сондай-ақ "Жарнама туралы" және "Ойын бизнесі туралы" Қазақстан Республикасыныӊ заӊдарына өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Бүгін сондай-ақ "Қазақстан Республикасыныӊ кейбір заӊнамалық актілеріне мемлекеттіӊ кәсіпкерлік қызметке қатысуын шектеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заӊ жобасы бірінші оқылымда қаралды.

Заӊ жобасы мемлекеттік активтерді басқару саласындағы заӊнаманы одан әрі жетілдіру, еліміздегі бизнес қатысатын экономика салаларындағы мемлекеттіӊ қатысу үлесін шектеу үшін құқықтық негіздерді бекіту мақсатында әзірленді, ол бәсекелестікті жетілдіруге және жеке кәсіпкерлікті одан әрі дамытуға қолайлы жағдайлар жасауға жәрдемдеседі.

Заӊ жобасымен мемлекеттік функциялар мен компанияларды жекеше секторға беруге негізделген жекешелендіру құралын, сонымен қатар мемлекеттіӊ кәсіпкерлік қызметке қатысу дәрежесін айқындауды білдіретін қағидаттарды бекіту ұсынылады. Бұл Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерліктіӊ дамуына жаӊа серпін беруге мүмкіндік жасайды және іскерлік пен инвестициялық климаттыӊ жақсаруына жұмыс істейді.

Заӊ жобасымен мемлекет активтерін бәсекелестік ортаға беру тетіктері, мемлекеттіӊ мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде құрылған компаниялардан шығу міндеттері, сондай-ақ мемлекеттік кәсіпорындарды құруға шектеулерді енгізу көзделген.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны