24.12.2015, 10:41 4358

Сенат Қазақстан мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді ратификациялады

Бүгін Сенаттыӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Қарсы циклдік дамуды қолдау) ратификациялау туралы" заӊды қабылдады

Астана. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін Сенаттыӊ жалпы отырысында палата депутаттары "Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Жай операциялар) (Қарсы циклдік дамуды қолдау) ратификациялау туралы" заӊды қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

"2015 жылғы 18 қарашада қабылданған ҚР Президентініӊ Жарлығына сәйкес 1 млрд АҚШ доллары сомасындағы Қазақстан Республикасы мен Азия Даму Банкі арасындағы қарыз туралы келісімге қол қойылған. Қаражат 2016 жылға арналған бюджет тапшылығын қаржыландыруға бағытталатын болады", - деп баяндады ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.

Министрдіӊ айтуынша, бұл қаражат елдіӊ әлеуметтік-экономикалық дамуыныӊ негізгі басымдықтарын қолдауға және Үкіметтіӊ экономиканы ынталандыру және экономикалық өсуге ыпалдасу жөніндегі стратегиялық шараларыныӊ орындалуына мүмкіндік береді.

"Азия Даму Банкініӊ 1 млрд АҚШ доллары сомасындағы қарызы 3 жылдық жеӊілдік берілетін кезеӊді қоса алғанда, 5 жыл өтеу мерзімімен беріледі. Қаржы министрлігі қарыз туралы келісімде белгiленген қаржылық шарттарға сәйкес қарызға қызмет көрсетуді және оны өтеуді республикалық бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асыратын болады. Көрсетілген қарыз қаражаттарыныӊ бекітілген бюджет тапшылығы жағдайындағы қажеттілігін ескере отырып, аталған келісімніӊ тез арада күшіне енуі маӊызды болып табылады, өйткені қарыз АДБ-ныӊ арнайы қорымен Қазақстан Республикасы үшін 2015 жылға резервтелген", - деп нақтылады Б.Сұлтанов.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны