30.01.2014, 19:18 3341

Сенат Қазақстан мен Вьетнам арасындағы инвестицияларды көтермелеу және өзара қорғау туралы келісімді ратификациялады

ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Алматы. 30 қаңтар. Kazakhstan today. ҚР ЭБЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, келісім инвестицияларды қолдау және өзара қорғау үшін қолайлы құқықтық шарттар құруға, инвестициялық климатты жақсартуға және екі ел арасындағы қолайлы сауда-экономикалық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған,-деп мәлімдеді Сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев.

Вьетнам әлемнің қарқынды дамыған елдерінің бірінші ондығына кіретінін ескерсек, осы Келісімнің күшіне енуі екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды одан әрі өрбуге үлес қосады.

2005 жылдан бастап 2013 жылдың 9 айына дейін Қазақстан экономикасындағы вьетнамдық инвестициялардың жалпы ағыны 2,4 млн. АҚШ долл. құрады.

2013 жылғы қаңтар-қараша аралығында қазақстандық-вьетнамдық сауда айналымының көлемі 221,8 млн. АҚШ долл. құрады (экспорт - 1,4 млн. АҚШ долл., импорт - 220,4 млн. АҚШ долл.), бұл 2012 жылдың ұқсас кезеңіне қарағанда 2 есеге артық (121,3 млн. АҚШ долл.).

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны