18.06.2009, 12:02 1314

Сенат үкімет пен Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады

Сенат үкімет пен Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Сенат үкімет пен Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарады, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, үкімет пен Республикалық бюджетті атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері сенаттың қаржы және бюджет комитетінде талқыланды.

Министрліктер мен мекемелердің бюджеттік және мемлекетік бағдарламаларын атқарылуы туралы есептер алдын ала арнайы құрылған жұмыс топтарында талқыланған болатын.

Жұмыс тобының аясында бес рет отырыс өтіп, республикалық бюджет бағдарламалары 14 әкімшіліктерінің есептері тыңдалды.

Республикалық бюджет бағдарламаларыы әкімшіліктерінің есептерін қарау барысында бюджет көрсеткіштерін белгілеу, бюджет қаржысын игеру және нақты нәтижелерге қол жеткізу жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруға баса назар аударылды.

Талқылау қорытындысы бойынша бюджетті орындау барысында бюджет қаржысын тиімді пайдалануға байланысты нақты шаралар қабылданбайтыны айтылды. Жоспарлауда нақтылықтың жетіспеушілігінен, бюджет пен тендер өткізудің қаржысы уақытында бөлінбеуінен арыла алмай келеді.

Сонымен бірге мақсат пен міндеттерді, сондай-ақ мемлекеттік және салалық бағдарламалар белгілері, айқындағыштары мен көрсеткіштерінің мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларымен байланысын нақтылау қажеттігі айтылды.

Бюджеттің атқарылу үдерістерін жетілдіру мақсатында шағын және орта бизнесті қаржыландыру тетіктерін жақсарту, ұлттық холдингтердің, акционерлік қоғамдардың, екінші деңгейдегі банктердің қатысуымен ауыл шаруашылығындағы инвестициялық жобаларды жүзеге асыру жөніндегі ұсыныстар ортаға салынды.

Сондай-ақ жоспарлау тетіктерін әзірлеу және енгізу, мақсатты трансферттерді бөлу және пайдалану, нақты нәтижелерге қол жеткізудегі жергілікті атқарушы органдардың жауапкершілігін арттыруға бағытталған, мемлекеттік емес сектор нысандары әкімшілік шығындарына мониторинг қажеттігі туралы айтылды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, мәжілістің жұмыс тобы: "Үкімет пен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептерін қарау нәтижелері бойынша Мәжілістің барлық тұрақты комитеттері оң қорытындыларын берді. Депутаттар, Экология мәселелері және табиғат пайдалану, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеттері жекелеген ескертпелер жасады. Тұтастай алғанда, Үкімет іс жүзінде өзінің алдына қойылған барлық міндеттерді іске асырғандықтан Қаржы және бюджет комитеті 2008 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуын оң бағалауға болады деп есептейді, сондай-ақ Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің есебін оң бағалайды",-деді.

Үкіметтің өткен жылға берген есебінде халықтың тұрмысына баса көңіл бөлінген. Айталық, экономикамен айналысатын халық санының іскерлік белсенділігін арттыру салдарынан 2007 жылы 7,7 млн. адамның орнына 2008 жылы 7,9 млн. адамды құраған. Бұл ретте 2008 жылы бір қызметкердің орташа айлық атаулы еңбекақысы 60 мың 734 теңгені құрады, ол 2007 жылғы деңгейден 14,1 пайызға жоғары.

Еңбек нарығында жұмыссыздардың деңгейін азайту және халықтың ақшалай кірісін өсіру байқалды. Мәселен, 2008 жылғы төртінші тоқсанда жұмыссыздардың деңгейі 6,6 пайызды құрады, есепті жылдың 11 айында халықтың нақты ақшалай кірісі 3,4 пайызға өсті.

Кеден статистикасының деректері бойынша 2008 жылдағы сыртқы экономикалық тауар айналымы (ұйымдастырылмаған сауда-саттықты есепке алмағанда) 109,1 млрд. АҚШ долларына жетті және 2007жылмен салыстырғанда 35,5 пайызға артты, оның ішінде экспорт - 71,2 млрд. АҚШ доллары және тиісінше 49,0 пайыз, импорт - 37,9 млрд. АҚШ доллары және 15,7 пайыз.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны