Система Orphus

Сенаторлар Қазақстан мен Грузия арасындағы автомобиль тасымалы туралы келісімге түзетулерді ратификациялады

21.01.2021 12475
Нұр-Сұлтан. 21 қаңтар. Kazakhstan Today - Бүгін депутаттар "2007 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасындағы Халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы" заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Парламент Сенатының ресми интернет-ресурсына сілтеме жасап.
 
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың айтуынша, хаттамада екіжақты, транзиттік тасымалдарға, сондай-ақ жүктерді автомобиль көлігімен үшінші елге/елден тасымалдауға рұқсат беру жүйесін енгізу көзделген.
 

Қазіргі уақытта, қауіпті және ірі көлемді жүктерді тасымалдауды қоспағанда, екі ел арасында екі жақты, транзиттік, сондай-ақ үшінші елдерге/елдерден тасымалдау рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады. Рұқсатсыз жүйе грузин көлік операторларына автомобиль тасымалын жүзеге асыру кезінде артықшылық беретінін назарға ала отырып, отандық тасымалдаушылардың мүдделерін қорғау үшін жағдай жасамайды", - деді Атамқұлов.

 
Министр айтып өткендей, 2020 жылы импорттық-экспорттық қатынаста тасымалданған 18 мың 96 тонна жүктің 29% - ы отандық тасымалдаушылардың үлесіне, 57% - ы - грузиндік көлік операторларына тиесілі.
 

Жоғарыда көрсетілгендердің негізгі себептері: Грузиядағы халықаралық тасымалдардағы көлік құралдары паркінің өсуі - егер біздің елімізде 7 мың 754 бірлік болса, Грузияда - 8 мың 901 бірлік; Грузияда соңғы уақытта грузин-түрік, грузин-украин бірлескен кәсіпорындарының ашылуы; Грузияның теңізге шығу мүмкіндігі", - деп түсіндірді ИИДМ басшысы.

 
Спикер рұқсат беру жүйесін енгізу екі ел арасында автокөлікпен жүк тасымалдау нарығында тепе-теңдікті орнатуға мүмкіндік беретінін; отандық тасымалдаушылардың үлесін арттыруға ықпал ететінін айтты. Бұдан басқа, біздің тасымалдаушыларымыз тасымалдайтын жүк тасымалы көлемінің артуына ықпал ете отырып, жүйе олардың кірісін ұлғайтуға және тиісінше паркті жаңартуға жағдай жасайды.
 
Сонымен қатар отырыс барысында сенаторлар "Қазақстан Республикасы мен Халықаралық қаржы корпорациясы арасындағы Қазақстан Республикасында офистер құру және олардың қызметі туралы келісімді ратификациялау туралы" және "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің ядролық авария немесе радиациялық авариялық ахуалдың туындау жағдайына дайындықты және олардың зардаптарын жою кезіндегі өзара көмекті қамтамасыз ету бойынша өзара іс-қимылы туралы келісімді ратификациялау туралы" заңдарды қабылдады.
 
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстан Парламентінің Сенаты жүргізушілерге көлік құралына жүргізуші куәлігін және техпаспортты өзімен бірге алып жүрмеуге мүмкіндік беретін заңнамаға түзетулерді қабылдады.
 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

Комментарии

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны