21.02.2023, 17:38 39051
Сенаторлар кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды төмендетуді ұсынады
Достарға айту
Мемлекеттік баж мөлшерлемесін 8-ден 4 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылды
Астана. 21 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Қаржы және бюджет комитетінің депутаттары кеңейтілген отырыста "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын талқылады, деп хабарлайды ҚР Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
Заң жобасында сотқа жүгінетін кезде борышкер адам үшін 0,3 АЕК мөлшерінде мемлекеттік баж мөлшерлемесі белгіленген және жеке адамның төлем қабілеттілігін қалпына келтіру, соттан тыс немесе сот арқылы банкроттық рәсімдерін қолдану үшін сотқа жүгінген кезде өсімпұлды есептеуді тоқтата тұру және соттың теріс шешімі болған кезде оны қайта жаңарту көзделіп отыр", - деп хабарлады жоғарғы палатаның сайты.
Құжатта сондай-ақ кәмелетке толмағандарға төлқұжат бергені үшін мемлекеттік бажды 8 АЕК-тен 4 АЕК-ке дейін төмендету ұсынылады.
Заң жобасында сонымен қатар мемлекеттік орман қоры жерлерін және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерін қоспағанда, барлық санаттағы жердің өсімдіктер дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы енгізу көзделеді.
Бұған дейін мәжілісмендер жоғалған жеке куәлікті қайта бергені үшін мемлекеттік баж мөлшерін арттыруды ұсынған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
тақырып бойынша жаңалықтар
22.07.2026, 16:50 4066
Қазақстан мен Қытай түсті металлургия және "жасыл" пайдалы қазбалар саласындағы ынтымақтастықты кеңейтеді
Достарға айту
Қазақстан мен Қытай түсті металлургияны тұрақты дамыту және "жасыл" пайдалы қазбаларды өндіру саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуді жалғастырады. Бұл туралы Қазақстан-Қытай түсті металлургияны орнықты дамыту форумында Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь мәлімдеді.
Тараптар мемлекет басшылары қол жеткізген уағдаластықтарды іске асыруды жалғастырып, саясатты үйлестіруді күшейтеді, Қытайдың "жасыл" зияткерлік технологиялары мен заманауи жабдықтарын енгізеді, сондай-ақ геологиялық барлаудан бастап өндіру, сақтау, тасымалдау және минералдық ресурстарды өткізуге дейінгі барлық тізбек бойынша ынтымақтастықты тереңдетеді", - деп жазады ҚазАқпарат елшінің сөзіне сілтеме жасай отырып.
Ол халықаралық ынтымақтастық жаңа энергетика мен заманауи материалдар өндірісіне қажетті минералдық ресурстарды игерумен ғана шектелмейтінін, сондай-ақ экологиялық талаптарды сақтай отырып, дәстүрлі кен орындарын жауапкершілікпен игеруді де қамтитынын атап өтті.
Қазақстан - "Бір белдеу, бір жол" бастамасын ұсынған алғашқы мемлекет. Республика хром, вольфрам, мыс, қорғасын және мырыш қоры бойынша әлемдегі жетекші елдердің қатарына кіреді. Екі елдің әлеуеті бірін-бірі толықтырады, сондықтан тау-кен өндіру және металлургия салаларындағы әріптестік табысты дамып келеді", - деп қосты Хань Чуньлинь.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 14:17 5686
Қазақстанның IT қызметінің экспорты 1,1 млрд АҚШ долларына жетті
Соңғы бес жылда Astana Hub резиденттерінің жиынтық табысы 4,9 млрд АҚШ долларын құрады
Достарға айту
Қазақстан электрондық үкіметтің даму деңгейі бойынша әлемнің үздік 25 елінің қатарына еніп, IT қызметтері экспортының көлемін 1,1 млрд АҚШ долларына дейін жеткізіп, ауқымды цифрлық трансформацияны жалғастырып жатыр, деп хабарлайды ҚР Үкіметінің баспасөз қызметінен.
Бүгінде Astana Hub экожүйесінде 2 мыңнан астам компания жұмыс істейді. Елде 20 өңірлік және 4 халықаралық хаб қызмет көрсетуде. 2025 жылдың қорытындысы бойынша IT-қызметтер экспортының көлемі $1,1 млрд-қа жетіп, отандық IT саласының халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілігінің артқанын көрсетті. Сондай-ақ 2025 жылы Қазақстанда алғашқы технологиялық "сыңармүйіз" (unicorn) компания - Higgsfield.ai пайда болды", - деп мәлімдеді Үкіметте.
Сонымен қатар, OpenAI талдауына сәйкес, Қазақстан Орталық Азия елдерінен көш ілгері озып, жасанды интеллектіні енгізу деңгейі жоғары мемлекеттердің қатарына енді (Қырғызстан 52-ші, Өзбекстан 58-ші орында). Сонымен қатар Dealroom бағалауы бойынша отандық IT-экожүйе Rising Stars санатындағы ең қарқынды дамып келе жатқан он экожүйенің қатарына кірді. Соңғы бес жыл ішінде Astana Hub резиденттерінің жиынтық табысы $4,9 млрд-ты құрады, ал тартылған инвестициялар көлемі $910 млн-нан асты.
Соңғы бес жылда Astana Hub резиденттерінің жиынтық табысы 4,9 млрд АҚШ долларын құрады, ал тартылған инвестициялар көлемі 910 млн АҚШ долларынан асты.
Баспасөз қызметінің мәліметінше, 2025 жылғы негізгі кезеңдердің бірі ұлттық есептеу инфрақұрылымының іске қосылуы болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ базасында құрылған Alem.Cloud ұлттық суперкомпьютерлік кластері әлемдегі ең қуатты есептеу жүйелерінің халықаралық TOP500 рейтингінде 104-ші орынға тұрақтады. Архитектура ең жаңа NVIDIA H200 үдеткіштері бар 64 HPE Cray серверлеріне негізделген (өнімділігі шамамен 2 экзафлоп). "Қазақтелеком" компаниясының коммерциялық суперкомпьютері жиынтық есептеу әлеуетін күшейте отырып, 122-ші орынға ие болды. Үкімет бұл есептеу ресурстарын барлық мемлекеттік органдардың пайдалануын қамтамасыз етті", - деп атап қтті үкіметтен.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
22.07.2026, 12:42 6621
Қазақстан мен Корея мұнай саласындағы жаңа келісім әзірлеуде
Достарға айту
Қазақстан мен Корея Республикасы мұнай саласындағы ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісімге қол қоюға дайындалуда. Бұл мәселе Қазақстан Республикасы Энергетика вице-министрі Санжар Жаркешов Корея Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжон Кихонмен кездесуі барысында талқыланды, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінен.
Құжатқа ағымдағы жылдың қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Президентінің Корея Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары аясында қол қою көзделіп отыр.
Сондай-ақ кореялық компаниялардың Қазақстанның энергетикалық инфрақұрылымын жаңғыртуға қатысу перспективалары талқыланды. Энергетика министрлігі кореялық компанияларды 2035 жылға дейінгі электр энергетикасы саласын дамыту жоспары аясында жұмыс істеп тұрған энергетикалық нысандарды жаңғырту және жаңа генерациялау қуаттарын салу жобаларына инвесторлар және EPC-мердігерлер ретінде қатысуға шақырды.
Кездесу барысында Түркістан облысындағы бу-газ электр станциясының құрылысы жобасының іске асырылу барысы қаралды. Құрылыс-монтаж жұмыстарының жалғасып жатқаны, негізгі технологиялық жабдықтарды жеткізу толық аяқталғаны және құрылыс алаңында 2 100-ден астам маманның еңбек етіп жатқаны атап өтілді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар стратегиялық әріптестікті одан әрі дамытуға, бірлескен инвестициялық жобаларды іске асыруға және энергетика саласындағы технологиялық ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделі екенін растады.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2026, 17:21 18641
ТШО 2026 жылы 40 млн тонна мұнай өндіруді жоспарлап отыр
Достарға айту
Теңіз кен орнын кеңейтудің ең ірі кезеңі аяқталғаннан кейін "Теңізшевройл" ЖШС (ТШО) жобалық өндірістік қуатына шықты. Тәуліктік мұнай өндіру көлемі шамамен 120 мың тоннаға жетті. Компания 2026 жылдың қорытындысы бойынша 40 млн тоннаға дейін мұнай өндіруді жоспарлап отыр, деп хабарлайды ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Қазіргі уақытта кеңейту жұмыстары толық аяқталып, жаңа өндірістік қуаттар жоспарланған деңгейге шықты. 2026 жылдың алғашқы жартыжылдығында ТШО 16,6 млн тонна мұнай өндірді. Жыл қорытындысы бойынша компания өндіріс көлемін 40 млн тоннаға дейін жеткізуді жоспарлап отыр",- деп айтылған хабарламада.
ТШО жобасы тәуелсіз Қазақстан тарихындағы ең ірі инвестициялық жобалардың бірі саналады. Бұл жобалардың іске асырылуы кен орнының өндірістік мүмкіндіктерін кеңейтіп, мұнай өндіру көлемін едәуір арттыруға мүмкіндік берді", - деп түсіндіреді министрліктен.
Кеңейту жобасы аясында 2024-2025 жылдары жаңа өндірістік нысандар пайдалануға беріліп, 2025 жылғы қаңтарда Үшінші буын зауытында алғашқы мұнай өндірілді. Қазіргі уақытта кеңейту жұмыстары толық аяқталып, жаңа өндірістік қуаттар жоспарланған деңгейге шыққан.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2026, 16:42 19081
Қазақстан билігі ERG-ні бөлу туралы өтініш алған жоқ
Ресми түрде ешкім ешқайда жүгінген жоқ
Достарға айту
Қазақстанның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Eurasian Resources Group (ERG) компаниясын бөлу және жер қойнауын пайдалану құқықтарын беру мәселесіне қатысты ешқандай ресми өтініш алған жоқ, деп мәлім етті ведомство басшысы Ерсайын Нағаспаев Үкіметтегі брифингте.
Баспасөзде акционерлер өзара қандай да бір мәселені талқылап жатқандығын жазып жатса, ресми түрде ешкім ешқайда жүгінген жоқ. Бұл - министрліктің нақты ұстанымы", - деді ол.
Бұған дейін Bloomberg агенттігі Eurasian Resources Group (ERG) компаниясы өз бизнесін Қазақстандағы және халықаралық бағыттарға бөлу мүмкіндігін қарастырып жатқанын хабарлаған болатын.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2026, 13:24 20426
Қазақстан мен Кения шай-кофе хабын құру мәселесін талқылады
Сурет: ҚР СІМ
Достарға айту
Қазақстанның Кениядағы Елшісі Барлыбай Садықовтың Кенияның Инвестициялар, сауда және өнеркәсіп министрі Ли Киньянджуимен кездесуі барысында Қазақстан мен Кения бірлескен шай-кофе хабын құру және көлік-логистика саласындағы ынтымақтастықты дамыту мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметінен.
Тараптар 2026 жылғы мамырда Кения Президенті Уильям Рутоның Қазақстанға жасаған мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген келісімдердің іске асырылу барысын да талқылады.
Келіссөздерде тау-кен өнеркәсібі, банк саласы, көлік-логистика, туризм, инвестициялар және ауыл шаруашылығы бағыттарындағы екіжақты ынтымақтастықты жандандыру мәселелері қарастырылды. Өзара тиімді бірлескен кәсіпорындар құру мүмкіндіктеріне және қазақстандық өнімнің Кения нарығына шығуына қолдау көрсету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар, қазақстандық делегация үшін Момбаса теңіз портына, Кенияның негізгі "құрлық порты" саналатын Найроби ішкі контейнерлік терминалына, сондай-ақ шай және кофе плантацияларына таныстыру сапарлары ұйымдастырылды. Шай-кофе хабын құру жөніндегі уағдаластықтарды іске асыру және Қазақстан тарапының Кенияның порттық инфрақұрылымын пайдалану мәселелері де талқыланды.
Кездесулер қорытындысы бойынша тараптар өзара қызығушылық тудыратын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемелер әзірлеу, жоғары деңгейде қол жеткізілген келісімдерді іске асыру жөніндегі жол карталарын дайындау, сондай-ақ сарапшылар деңгейіндегі өзара сапарларды ұйымдастыруды қоса алғанда, басым бағыттардың барлық спектрі бойынша ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
21.07.2026, 12:25 20966
Қазақстанда тағы үш шетелдік автокөлік өндірісі іске қосылады
Сурет: Ақорда
Достарға айту
Қазақстанда 2028 жылға дейін жеңіл және коммерциялық автокөліктер өндірісін кеңейтуге, автокомпоненттер шығаруды ұлғайтуға және өнеркәсіптік кооперацияны дамытуға бағытталған жаңа жобаларды іске асыру жоспарланып отыр, деп хабарлайды ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев.
Мемлекет басшысының Қытайға мемлекеттік сапары барысында автокөлік жасау саласында бірқатар маңызды келісімдерге қол жеткізілген. Атап айтқанда, Li Auto, OMODA және JAECOO маркалы автокөліктерді, SITRAK маркалы жүргізушісіз тартқыштарды өндіру, сондай-ақ BYD компаниясымен бірлесіп жоғары жылдамдықты қуаттау станцияларының желісін дамыту жоспарланып отыр", - деді ол.
Сондай-ақ, автокомпоненттер өндірісін ұлғайту негізгі басымдықтардың бірі болып қала береді. Қазақстандық кәсіпорындар бүгінде дөңгелектер, қозғалтқыш бөлшектері, аккумуляторлар, автобустарға арналған металл бөлшектер, орындықтар мен мультимедиялық жүйелер шығарады.
Бұдан бөлек, бамперлер, электр сымдары, доңғалақ дискілері және лак-бояу материалдарын өндіру жобалары жүзеге асырылып жатыр.
Саланы одан әрі дамыту мақсатында машина жасау және көлік мәселелері жөніндегі заң қабылданып, онда "өнеркәсіптік кластер" ұғымы енгізілді.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
20.07.2026, 18:09 29736
КҚК-дағы танкерге дрон шабуыл жасады: зардап шеккендер мен мұнайдың төгілу факті жоқ
Сурет: Depositphotos
Достарға айту
Ведомствоның мәліметінше, 19 шілдеден 20 шілдеге қараған түні Каспий құбыр консорциумы (КҚК) теңіз терминалында жүк тиеп тұрған NELSA танкеріне ұшқышсыз ұшу аппараты шабуыл жасаған, деп хабарлайды Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің баспасөз қызметінен.
Оқиға салдарынан өрт шығып, ол жедел түрде сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ, мұнайдың төгілуіне жол берілген жоқ", - делінген министрлік хабарламасында.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта кеменің техникалық жай-күйі мен оқиғаның салдарына бағалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі Каспий құбыр консорциумымен тұрақты байланыста", - деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.
Естеріңізге сала кетсек, 17 және 19 шілдеде КҚК теңіз терминалы акваториясында Қазақстан мен Америка Құрама Штаттарының жүк жөнелтушілеріне тиесілі мұнайды тиеу кезінде азаматтық теңіз танкерлеріне шабуыл жасалған болатын. 19 шілдедегі оқиғадан кейін терминалда мұнай тиеу уақытша тоқтатылып, жексенбі күні кешке қайта жанданды.
Бұл шабуылдарды Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі мен Энергетика министрлігі қатаң айыптап, мұндай әрекеттер елдің экономикалық мүдделеріне зиян келтіріп, халықаралық энергетикалық қауіпсіздікке қатер төндіретінін мәлімдеген еді.
20 шілдеде Каспий құбыр консорциумының теңіз терминалында азаматтық танкерге тағы бір шабуыл жасалып, соның салдарынан мұнай тиеу жұмыстары қайтадан тоқтатылды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
INTERNET TELEVISION
KAZAKHSTAN TODAY LIVE
Ең көп оқылғаны
22.07.2026, 09:31Қазақстан президенті бірқатар жаңа елшілерді тағайындады 22.07.2026, 09:44 17151Алакөл көлінде жағалауды қорғайтын бөгет салуға 3 млрд теңге бөлінді22.07.2026, 10:33 15951Елімізде жүргізушлер үшін 25 тамыздан бастап не өзгермек22.07.2026, 11:09 14431Павлодар облысында дауылды жел үйлер мен электр желілеріне зақым келтірді22.07.2026, 11:47 13646Қазақстанда жалған банкноттар шығаруды жалғастыруда
17.07.2026, 23:10 95351Қазақстан БҰҰ алаңында волонтерлікті дамытудың үздік тәжірибелерін таныстырды17.07.2026, 14:41 93346ЖИ дамыту әскери бәсекеге емес, бейбітшілік қағидаттарына негізделуі қажет - Тоқаев17.07.2026, 15:25 92941Қазақстан ОСК тағы 16 халықаралық байқаушыны аккредиттеді17.07.2026, 21:04 88391БҰҰ-ның Ливандағы бітімгерлік миссиясының базасында Қазақстанның Мемлекеттік Туы көтерілді17.07.2026, 14:28 88386Азия-Тынық мұхиты цифрлық шешімдер орталығы ашылады
23.06.2026, 17:00 206261Алматыдағы хайуанаттар бағында ақбөкендер төлдеді23.06.2026, 15:08 180996Қазақстанда байланыс қызметтерін көрсету ережелері өзгерді23.06.2026, 14:27 171296Қоғамдық орындарда беттерін жапқан 1600-ден астам азамат жауапкершілікке тартылды25.06.2026, 17:42 150661Венесуэладағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат жоқ - СІМ24.06.2026, 16:02 148746Елімізде Ұлттық домбыра күні атап өтіледі
