15.10.2018, 14:09 5273

Сербиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы инвесторларды қорғауға арналған жобалық кеӊседе болды

Бұған дейін компанияныӊ өкілдері Астана қаласыныӊ аумағында көп функциялы тұрғын үй алабын салу үшін жер телімін алуға байланысты мәселемен Жобалық кеӊсеге жүгінген болатын.

Астана. 15 қазан. Kazakhstan Today - Сербиялық кәсіпкерлер Қазақстандағы инвесторларды қорғауға арналған жобалық кеӊсеніӊ жұмысына алғысын білдірді.

"DANA HOLDINGS" компаниясы директорыныӊ бірінші орынбасарыныӊ бастауымен Сербия делегациясы инвестиция мен бизнесті сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдейтін "Protecting business and Investments" жобалық кеӊсесінде болды.

Компания өкілдері бюрократия мен созбалаӊға салудан қорғағаны үшін жобалық кеӊсеге алғысын білдірді.

Бұған дейін, а.ж. 3 тамызында жоғарыда көрсетілген компанияныӊ өкілдері Астана қаласыныӊ аумағында көп функциялы тұрғын үй алабын салу үшін жер телімін алуға байланысты мәселемен Жобалық кеӊсеге жүгінген болатын.

"DANA HOLDINGS" компаниясыныӊ Қазақстандағы өкілі - "BK TESLA" ЖШС директоры Нұрлан Боранбаев атап өткендей, ағымдағы жылдыӊ тамыз айында компания жер телімдерін келісу мен оныӊ шекараларын айқындауға қатысты өтініштерініӊ ұзақ қаралуына байланысты мәселеге тап болған.

"Жобалық кеӊсеге өтінішпен жүгінгеннен кейін біздіӊ мәселе шешімін таба бастады. Қазіргі таӊда барлық мәселелер өз шешімін тауып, жобамызды іске қосып жатырмыз. Бұдан әрі де Жобалық кеӊсемен ынтымақтастығымыз жалғасын табады деп сенемін", - деді ол.

Жұмысты одан әрі жалғастыру мақсатында, жобалық кеӊсе ғимаратында "Астана" ИКК" АҚ мен "BK TESLA" ЖШС арасында "БК ТЕСЛА ПАРК" көпфункционалды тұрғын үй алабын салу бойынша Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Айта кетейік, Қазақстан Республикасыныӊ Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігініӊ бастамасымен, Сыртқы істер, сондай-ақ Инвестициялар және даму министрліктерімен бірлесе құрылған "Protecting Business and Investments" жобалық кеӊсесі қолайлы инвестициялық ахуалды қалыптастыруға, мемлекеттік институттарға бизнес пен инвесторлардыӊ сенімін арттыруға, шетелдерде еліміздіӊ оӊ имиджін қалыптастыруға бағытталған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны