10.04.2020, 22:58 6362

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 45 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді

ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 45 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді

Алматы. 10 сәуір. Kazakhstan Today - ШҚО сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі 45 млн теңге бюджет қаражатын үнемдеді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті "Бірыңғай сатып алу терезесі" порталы арқылы мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру кезінде сатып алу бағасын көтеру мәніне жемқорлыққа қарсы мониторингті жалғастыруда.

Айта кету керек, "Бірыңғай сатып алу терезесі" порталы шеңберінде белгілі бір кезең бөлінісінде тауарларға нақты сатып алынатын бағалар негізінде талдау жүргізіледі, онда есептеу үшін медиандық бағаны анықтау әдісі қолданылады, ол сатып алудың орташа бағасын анықтауға көмектеседі, бұл ретте төмен және ауытқымай жоғары бағалар ескерілмейді және орташа республикалық баға дәлізі құрылады.

Тиісінше, егер жоспар тармағының бағасы медианадан жоғары көрсетілсе, біз осы бағаның негізділігін тексеруге, бюджеттің жасанды ұлғаюын, қаражаттың тиімсіз жұмсалуын болдырмау мақсатында нақты жоғарылатуды немесе төмендетуді белгілеуге тиіспіз.

Жүйе сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоспарлау сатысында анықтауға мүмкіндік береді, мониторинг жүргізуге және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін онлайн режимінде тексеруге мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, ШҚО-ның Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі "Protecting Business and Investments" жобасы аясында бизнес қоғамдастықты аталған порталдың мүмкіндіктерін белсенді түрде таратады және пайдалануға шақырады, ол бизнеске нарық көлемін көруге мүмкіндік береді, сондай-ақ сатып алудың транспаренттілігін арттыруға және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға көмектеседі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі осы жұмысты а.ж. ақпанның екінші онкүндігінен бастап бастады, бірақ біраз уақытқа қарамастан аймақта жоспарланған сатып алу бағасын көтерудің бірқатар жағдайлары анықталды. Тиісінше, бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жоспарланған бағаларды қайта қарау туралы ұсыным хаттар жіберілді. Осы жұмыстың нәтижесінде 45 млн.теңгеден астам бюджет қаражаты үнемделді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің хабарлауынша, биыл бірқатар мемлекеттік органдарды мемлекеттік сатып алу бағаларын қайта қарауға мәжбүр етті. Қазіргі уақытта, бірқатар мемлекеттік сатып алулар қайта қарау сатысында, олар бойынша бюджеттік қаражатты үнемдеу шамамен 590 млн. теңгені құрауы мүмкін.

"Осы бағыттағы жұмыс тұрақты түрде жүргізілетін болады" - деп түйіндеді ШҚО бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаментінде.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны