09.04.2020, 13:50 6287

Шағын және орта бизнес салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 2020 жылғы 1 қазанға дейін босатылады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты 31 наурызда халыққа арнаған бейнеүндеуі барысында қауіпті вируспен күреске бағытталған шектеу шараларынан болатын салдарларды жұмсартатын бірқатар экономикалық және әлеуметтік іс-шараларды атап өтті.

Алматы. 9 сәуір. Kazakhstan Today - Шағын және орта бизнес салықтар мен әлеуметтік төлемдерден 2020 жылғы 1 қазанға дейін босатылады.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі төтенше жағдайға байланысты 31 наурызда халыққа арнаған бейнеүндеуі барысында қауіпті вируспен күреске бағытталған шектеу шараларынан болатын салдарларды жұмсартатын бірқатар экономикалық және әлеуметтік іс-шараларды атап өтті.

Экономиканың неғұрлым зардап шеккен секторларында шағын және орта бизнес (ШОБ) кәсіпорындарын қолдауға бағытталған шаралардың бірі ретінде еңбекақы төлеу қорынан 6 айға (2020 жылғы 1 сәуірден бастап 1 қазанға дейін) салық және басқа да төлемдерді есептеу мен төлеудің күшін жою көзделген. Бұл секторлар мыналарды қамтиды: қоғамдық тамақтану, сауданың жекелеген секторлары, көлік қызметтері, кеңес беру қызметтері, IT-сектор, қонақ үй бизнесі, туризм және т. б. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің түсіндіруі бойынша ШОБ-тың осы секторларының өкілдері 6 айға жеке табыс салығынан, әлеуметтік салықтан, міндетті медициналық сақтандыруға жарналар мен аударымдардан, әлеуметтік аударымдар мен міндетті зейнетақы жарналарынан босатылады.

Сондай-ақ, ел Президентінің зейнетақы мен жәрдемақыларды 10% мөлшерінде индекстеу туралы тапсырмасы республикалық бюджет қаражаты есебінен төленетін төлемдерге қатысты екендігіне назарыңызды аударамыз. Демек, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 02.10.2013 ж. № 1042 қаулысымен бекітілген Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарынан зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру қағидаларын басшылыққа ала отырып реттелген БЖЗҚ-дан зейнетақы төлемдерін кесте бойынша беру тәртібі бұрынғы қалпында қалады.

Ең төменгі күнкөріс шамасы мен ең төмен зейнетақы мөлшері заңнамалық деңгейде қайта қарастырылған жағдайда тиісінше, ең төменгі төлем мен БЖЗҚ-дан берілетін біржолғы төлем мөлшері де көбейеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны