21.02.2007, 09:51 3170

Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры қаржыгерлермен бірлесіп ШКС комбанкілер займы бойынша сақтандыру мідеттемелерінің жаңа жоспарын талқылады

АЛМАТЫ. 21 ақпан. Kazakhstan Today. Кеше "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ дөңгелек үстел отырысы барысында республиканың банк және сақтандыру саласының өкілдерімен бірлесіп, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банкілердің несиелері бойынша сақтандыру міндетемелерінің жаңа жоспарын талқыға салды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Бізде сақтандыру бағдарламасының /кәсіпкерлік субъектілерінің екінші деңгейдегі банктердің несиелері бойынша сақтандыру міндетемелері /тіпті бірінші кезеңінің өзінде бірқатар нақты қиындықтар бар,-деді Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының басқарма төрағасы Госман Амрин. "Біз бұл бағдарламаны жүзеге асырудың біраз тұстарын өзгертпекшіміз",-деді ол.

Өз кезегінде "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ сақтандыру опперациялары департаментінің директоры Михаил Сильвестров баяндамасында сақтандыру бағдарламасын жүзеге асырудың 2005-2006 жылғы бірінші кезеңінде 9,6 млрд теңгеден тек 0,78 млрд теңгесі ғана, немесе жоспардағы толық соманың 0,8 пайызы ғана игерілгендігін айтты. "Бұл жоспардың екінші деңгейдегі банкілермен жұмыста келеңсіз жақтары бар. Бұл негізінен банкілердің жаңа өндірістерді құруға бағытталған, кәсіпорындардың қаржысын дамыту мен жаңартуға қатысты жобаларды қолдағылары келмеуімен байланысты",-деді ол.

Шағын кәсіпкерлік субъектілерін сақтандырудың жаңа жобасының бірінші кезеңінде жобаны алдымен Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры мен сақтандыру компаниялары, тек содан кейін барып екінші деңгейдегі банкілердің назарына ұсыну көзделмек. Ал дәл қазір бұл керісінше болып отыр,-деді баяндамашы.

Біз жобаны алдымен өзіміздің талаптарымызға сай қарастырмақпаз",-деді М. Сильвестров. "Жаңа сызба әріптес-банкілер арасында бәсекелестік туғызып, бұл өз кезегінде екінші деңгейдегі банкілерге сыйақы көлемін төмендетуге мүмкіндік бермекші,-деді ол.

Сонымен қатар, "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" ұсынып отырған сақтандыру сызбасы шағын кәсіпкерлік субьектілерінің "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорының" кепілдігімен несие алу үшін әріптес банкіні өз қалауынша таңдауға мүмкіндік бермек.

Дөңгелек үстел отырысын ұйымдастырғандардың ақпараты бойынша, бағдарламаны жүзеге асыруда кездесетін түрлі жайттарды ескере отырып, бес отандық сақтандыру компаниясынан тұратын қор құрылды. Олардың жалпы активтерінің көлемі 25,57 млрд теңге.

"Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ 1997 жылы құрылған.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны