24.02.2009, 13:13 1292

Шағын және орта бизнесті қолдау қаржысы банктер мен бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының талаптары келісілмеуге байланысты бөлінбей отыр - Келімбетов

Шағын және орта бизнесті қолдау қаржысы банктер мен бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының талаптары келісілмеуге байланысты бөлінбей отыр - Келімбетов

Астана. 24 ақпан. "Қазақстан Бүгін" - Шағын және орта бизнесті қолдау қаржысы банктер мен бақылау жөніндегі мемлекеттік комиссиясының талаптары келісілмеуге байланысты бөлінбей отыр. Бұл туралы бүгін үкіметтің отырысында "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорының басшысы Қайрат Келімбетов мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Ипотека бойынша қаржы бөліне бастады, ол аптаның аяғына дейін болады", -деді Қ. Келімбетов. "Ал 120 млрд теңгенің мәселесіне келсек, мемлекеттік бақылау комиссиясының және Қаржылық бақылау агенттігінің қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалауға қатысты талаптарын қамту талабы қойылып отыр", -деді ол.

"Егер банк талаптар бойынша комиссиямен келісіп жатса, бұл жерде біздің мүдде жоқ. Банк мемлекеттік бақылау комиссиясының барлық талаптарын орындауға тиіс", -деді Қ. Келімбетов.

Ал үкіметтің отырысында "Қазкоммерцбанк" басқармаларының төрайымы Нина Жүсіпова атап өткендей, "Даму" бағдарламасы бойынша алғашқы екі траншқа сәйкес банкке 2,7 млрд теңге аударылған. "Банк бұдан басқа қаржы алған жоқ. Аталған 2,7 млрд теңге игеріліп, таратылып, тиісті есеп ұсынылды", - деді ол.

"Біз нақты секторға берілген несиелерді қайта қаржыландыруға бағытталған 120 млрд теңгені алдық. Бүгінгі жағдаймен біз "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қорымен де, мемлекеттік бақылау комиссиясымен де біздің бағдарламаға қатыса алатын несиегерлерге, клиенттерге қойылатын талаптар жайлы келіскен жоқпыз", - деді Н. Жүсіпова.

"Қазір ақша Ұлттық банкте. Біз одан бір теңге де жұмсаған жоқпыз, аталған шарттар мен талаптар таяу уақыттарда келісіледі деп үміттенеміз", - деді банк басқармаларының төрайымы.

"Ал ипотекаға келсек, "Даму" бағдарламасының үшінші траншы бойынша біз қаржы алған жоқпыз", - деді Н. Жүсіпова.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны