28.01.2010, 17:38 3990

Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған оқыту бағдарламасына мүгедек-кәсіпкерлер де қамтылды

Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған оқыту бағдарламасына мүгедек-кәсіпкерлер де қамтылды

Алматы. 28 қаңтар. Kazakhstan Today - Шағын және орта бизнесті қолдауға арналған оқыту бағдарламасына мүгедек-кәсіпкерлер де қамтылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мүмкіндіктері шектеулі жандарды қолдау мақсатында "Бизнес-кеңесші" бизнес-оқыту бағдарламасы аясындағы оқыту курстарына мүгедек-кәсіпкерлер де шақырылды. Оқуға қатысқан мүгедектер саны 77 адамды немесе тыңдаушылардың жалпы санының 0,7% құрады. Ақмола облысындағы мүмкіндіктері шектеулі жандар саны мейлінше көп болды, яғни 32 адам.

Қордың мәліметінше, курсқа қатысушылардың жартысынан көбін (60%) әйелдер құрады немесе 6 500 адам.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бұл шағын және орта бизнесті қаржылай емес қолдау шеңберіндегі ең ауқымды бағдарлама. "Бизнес-кеңесші" бағдарламасын іске асырудың басты механизмі Қазақстанның барлық 209 ауданы мен тұрғындар тығыз орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктеріндегі кәсіпкерлік бастамашылығы бар тұрғындар мен жұмыс жасап жүрген кәсіпкерлерге қысқа мерзімді оқыту-тренингі қызметін ұсынуды ұйымдастыру болып табылады.

Тыңдаушыларды қажетті ақпараттық және оқу материалдарымен қамтамасыз ету мақсатында "Кәсіпкерліктің жедел-курсы" атты оқу-әдістемелік құралы, ақпараттық-талдамалық материалдар: "Кредитті қалай алуға болады" атты кітапша; Иртүрлі шағын және орта кәсіпкерлік салалары бойынша дайын бизнес-жоспарлар тізбесі; кәсіпкерге қажетті ақпараттан тұратын CD-диск: кәсіпкерліктің жедел-курсы" оқу-әдістемелік құралы, кәсіпкерлікті реттеуші заңдар, салық есептілігінің үлгілері және өтініштер, бизнес-жоспарлар үлгілері, жарғының үлгі нысандары және т.б; оқыту тақырыптары бойынша басылып шығарылған тұсаукесерлері бар блокноттар әзірленді.

Қордың мәліметінше, 14 облыстың жоспарланған барлық 209 ауданында және Астана мен Алматы қалаларында өткізілген бірінші толыққанды оқыту курсының қорытындысы бойынша бағдарлама шеңберінде 11 603 адам оқытылды, оның 40% кәсіпкерлер, 60% - жеке тұлғалар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны