16.01.2008, 19:37 2798

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын іске асыруға үкімет 48 млрд 800 млн теңге бөлген

Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын іске асыруға үкімет 48 млрд 800 млн теңге бөлген

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау көрсету бағдарламасын іске асыруға үкімет бұл мақсатта 2007 жылы 48 млрд 800 млн теңге бөлген. Бұл туралы Қазақстан Республикасында экономиканы жаңғырту мәселелері жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысының қорытындысы бойынша үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" тілшісі.

"Қазына ТДҚ" АҚ басшысының ақпараты бойынша қаражат Қазақстанның барлық өңіріндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындары іске асыратын, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, ауыл шаруашылығы, көлік, байланыс және экономиканың өзге де салаларын қамтитын 561 жобаға қолдау көрсетуге бағытталған. Бүгінгі күні екінші деңгейлі банктер шағын және орта бизнес субъектілеріне 6 млрд. теңгедан астам кредит бөлді немесе бөлінген қаражаттың 12,62 пайызы.

Сондай-ақ қайта қаржыландыруға жататын инвестициялық жобалардың тізбесі мемлекеттік комиссия тарапынан мәлімет ретінде ескерілді.

Сонымен қатар, "Қазақстанның даму банкі" АҚ Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары мен Астана қаласындағы 12 инфрақұрылымдық инвестициялық жобаны қайта қаржыландырмақ. Қайта қаржыландырудың жалпы көлемі 250 миллион АҚШ долларын құрайды. Мемлекеттік комиссия тарапынан бір апта мерзімде аталған қаржыландыруды бастау жөнінде нақты шешім қабылдауы күтілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны