Система Orphus

Шағын және орта кәсіпкерлікте 7,4 трлн. теңгенің өнімі шығарылған

17.01.2012, 10:37 10026

Астана. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Шағын және орта кәсіпкерлікте 7,4 трлн. теңгенің өнімі шығарылған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР премьер-министрінің ресми сайтының хабарлауынша, Қазақстанда кәсіпкерлікті дамыту экономикалық саясаттағы негізгі бағыттардың бірі болып табылады.

Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау экономиканы әртараптандырып, республиканың кәсіпкерлік әл-ауқатын оңалтады.

"Тәуелсіздік жылдары шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 35 еседен астам көрсеткішке көбейген", - деді Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған салтанатты жиында.

2011 жылы елімізде бизнес-климатты жақсартып, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында реформалар мен қайта қалыптастыру істері қолға алынды. Бизнестегі әкімшілік кедергілерді азайту мақсатында 2011 жылдың 15 шілдесінде Мемлекет басшысы "Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен қосымшалар енгізу туралы" ҚР Заңына қол қойған болатын, Заң аясында анықталған 1015 рұқсат берудің 348-і алынып тасталады деп күтілуде.

Үкімет жаңа жоғары технологиялық өндірістерді құрып, елдің тұрақты экономикалық дамуын қамтамасыз ету мақсатымен отандық кәсіпкерлердің қызметін ынталандыру үшін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты қолдау танытып жатыр.

"Біз шағын және орта кәсіпкерліктің жүйелі түрде дамуына қолымыздан келгенше көмектесеміз", - деп мәлім еткен бұдан біраз уақыт бұрын Премьер-Министр Кәрім Мәсімов.

Экономикалық даму және сауда министрлігінің мәліметінше, 2011 жылдың 11 айында шағын және орта кәсіпкерлікте 7422 млрд. теңгенің өнімі (тауар және қызмет) шығарылған, осылайша 2010 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 2,5 пайызға көбейді.

Шағын және орта кәсіпкерлікте белсенді жұмыс істейтін субъектілер саны 694,9 мыңды құрап, 4 пайызға артты. 2011 жылдың 1 желтоқсанындағы жағдайға сәйкес, шағын және орта кәсіпкерлікте еңбекпен қамтылған халық саны 2589 мың адамға жеткен.

Ел Үкіметі республиканың барлық өңіріндегі шағын және орта кәсіпкерлікті кешенді дамытуға бағытталған "Бизнестің жол картасы-2020", "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламаларын жүзеге асырып отырғанын айта кеткен жөн. Сондай-ақ аталмыш бағдарламалардың арқасында Қазақстанда тұрақты жұмыс орындары ашылып жатыр.

2011 жылдың қорытындысына сүйенсек, "Бизнестің жол картасы-2020" бағдарламасының жаңа бизнес-бастамаларды қолдауға арналған І бағыты бойынша 567 кәсіпорынға 96 848 млн. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Бағдарламаның "Кәсіпкерлік секторды сауықтыру" атты ІІ бағыты аясында жалпы құны 110 696 млн. теңге болатын субсидиялау туралы 116 келісімшартқа қол қойылды. "Кәсіпкерлердің валюталық тәуекелдерін төмендету" туралы ІІІ бағыт аясында 46 466 млн. теңгеге 58 келісімшарт жасалды. Сондай-ақ, "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының аясында республиканың сегіз облысында өз ісін ашу үшін 618 адам шағын несие алған.

Осы бағдарламаларды іске асыру арқасында бүгінде Қазақстанда шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту көрсеткіштері айтарлықтай жақсарған. Дүниежүзілік Банк есебіне жүгінсек, Қазақстан "Doing Business" бизнес енгізу жеңілдігі рейтингісінде бірқатар индикаторлар бойынша алға жылжып, он бір сатыға жоғарлай отыра, 47 орынға шықты.

Мемлекет әрбір өңірдің экономикалық ерешкелігін есепке ала отырып, шағын және орта кәсіпкерлікті тең дәрежеде аймақтық дамыту жолы арқылы кәсіпкерлікке қолдау танытады. Осы іс-шаралар экономиканы жаңғыртып, шикізаттық бағыттан кетуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

При использовании информации, гиперссылка на информационное агентство Kazakhstan Today обязательна.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны