01.06.2020, 19:35 7343

Шалқиядағы кен байыту фабрикасын жобалау жұмыстары отандық инженерлерге сеніп тапсырылды

Шалкия КБК құрылысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты және "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ өз қаражаты есебінен қаржыландырылады

Алматы. 1 маусым. Kazakhstan Today - Шалқиядағы кен байыту фабрикасын жобалау жұмыстары отандық инженерлерге сеніп тапсырылды.

"ШалқияЦинк ЛТД" АҚ ("Ta?-Ken Samuryq" ҰТК" АҚ-ның 100% еншілес компаниясы) "Шалқия" кен орнында жылдық қуаттылығы 4 млн тоннаны құрайтын кен байыту фабрикасын жобалау жұмыстарын қолға алды. Шарт KPSP отандық жобалау институтымен ("Қарағанды Промстройпроект институты" ЖШС) жасалды. Жобалау және мемлекеттік сараптама кезеңі аяқталғаннан кейін фабриканы салуға конкурс жарияланады.

Жобалау жұмыстарын жүргізетін мердігер ашық тендердің қорытындысы негізінде анықталды. KPSP - Қазақстанның жетекші жобалық институттарының бірі, ТМД және бұрынғы КСРО аумағындағы ірі өнеркәсіптік және азаматтық нысандарда (Құрық портындағы паром кешені, Жайрем КБК, Мәскеу облысындағы "Орталық құрғақ порт" және т.б.) жұмыс тәжірибесі бар.

Шалқиядағы байыту фабрикасы мырыш пен қорғасын кендерін байыту саласындағы озық әлемдік тәжірибелердің және технологиялардығ негізінде жобаланатын болады. Өндіруден байытуға дейінгі өндіріс кезеңдерінің әрқайсысына 4.0 Индустрия элементтері барынша интеграцияланады. Кенішті цифрландырумен де отандық мамандар - "Казгипроцветмет" инженерлері айналысады.

Марина Кулик, "Қарағанды Промстройпроект институты" ЖШС бас директоры: "Бұл жоба - инновациялық.. Онда тау-кен өнеркәсібі саласындағы соңғы әлемдік жетістіктерге сәйкес жаңа технологиялық шешімдер қолданылатын болады".

Дамир Кәрім, "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ бас директоры: "Байыту фабрикасын жобалау жұмыстары Жобаны іске асыру стратегиясындағы маңызды кезең болып табылады. Цифрландырудың, операциялық тиімділіктің, қауіпсіздік пен экологиялықтың жоғары деңгейі бар Шалқия КБК-ның құрылысын салу және оны жобалық қуатына шығару - біз үшін басты міндет. Біз қазір ЕҚДБ-мен кенішті салуға, технологиялық жабдықтарды жеткізуге және РМС (Project Management Consulting) инженеріне конкурстар дайындауға қатысты белсенді жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осы конкурстардың барлығы ағымдағы жылы ЕҚДБ Электрондық конкурс алаңында өткізілетін болады".

Шалкия КБК құрылысы Еуропалық қайта құру және даму банкінің қарыз қаражаты және "ШалқияЦинк ЛТД" АҚ өз қаражаты есебінен қаржыландырылады.

Анықтама: "ШалқияЦинк" АҚ "Ta?-Ken Samuryq" ҰТК" АҚ 100% еншілес ұйымы, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы аттас ауылдан 4 км жерде "Шалқия" мырыш-қорғасын кен орнында полиметалл кенін өндіруді жүргізуге арналған жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшартқа ие.

Шалқия кен орнындағы мырыштың жалпы қоры ҚР барлық қорының 30%-нан астамын құрайды. Кен орны көлемі бойынша JORC халықаралық жіктемесі бойынша 6,5 млн. тонна мырыштың дәлелденген және ықтимал қорларымен әлемде 5-ші иеленеді.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны