11.12.2008, 14:59 3245

"Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісі бойынша қозғалыс ашылды

"Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісі бойынша қозғалыс ашылды

Өскемен. 11 желтоқсан. "Қазақстан бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының Шалабай станциясында бүгін ҚР Көлік және коммуникация министрі Серік Ахметов, Шығыс Қазақстан облысының әкімі Иділғазы Бергенев пен "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-ның президенті Асқар Маминнің қатысуымен "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісі бойынша қозғалыстың ашылу рәсімі өткізілді.

Министр С.Ахметов өз сөзінде Шар - Өскемен темір жол учаскесі құрылысының бітуіне байланысты Қазақстанның солтүстік-шығыс бөлігіндегі ұлттық темір жол торабы толығымен қалыптасқандығын атап өтті. Бұдан былай солтүстіктегі көршіміз Ресей Федерациясының аумағына соғудың, сонымен бірге кеден және шекаралық бақылаудан екі рет өтудің қажеті болмайды. "Шар станциясы - Өскемен" темір жол желісі арқылы Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан, Иран, Ауғанстан және басқа елдерге ең төте темір жол орнайтын болды.

"Досжан темір жолы" акционерлік қоғамының ұжымы және жобаны жүзеге асырған құрылысшылар мен теміржолшылар ұжымдары Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атына "Шар станциясы - Өскемен" жаңа темір жол желісі құрылысының аяқталғандығы және ол бойынша қозғалыстың ашылғандығы жайында жеделхат жолдады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны