21.04.2008, 12:53 1410

Шардара су қоймасынан тасталып жатқан су көлемі үш есеге көбейтілді

Шардара су қоймасынан тасталып жатқан су көлемі үш есеге көбейтілді

Шымкент. 21 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шардара су қоймасынан тасталып жатқан су көлемі секундына 380 текше метрге дейін көбейтілді. Бұл туралы агенттік тілшісіне "Югводхоз" Республикалық мемлекеттік кәсіпорнының суды пайдалану бөлімінде хабарлады.

"Қызылорда облысында суғару жұмыстарын жүргізу қажеттігі үшін бүгінгі күні Шардара су қоймасынан Сырдарияға секундына 300 текше метр су құйылып жатса, Қызылқұм арнасына 80 текше метр су жіберіліп жатыр", - деп хабарлайды суды пайдалану бөлімінде.

Су қоймасына құйылып жатқан су секундына 113 текше метрді құрайды. Бүгінгі күні Шардара су қоймасындағы су көлемі 4 млрд 936 млн текше метрді құрайды. Бір аптаның ішінде су көлемі 131 млн текше метрге азайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны