14.07.2016, 12:35 4469

Шардарада 1 мыӊ гектардан астам егістік алқабы қайта айналымға қосылмақ

Бүгінгі таӊда ондағы Қоссейіт ауылындағы "1-Р-2" каналында 2 эксковатор мен 1 бульдозер, Көксу ауылдық округіндегі "2-Р-1" және "2-Р-2" каналдарында 3 эксковатор, Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі "РК-1" және "РК-2" каналдарында 2 эксковатор мен 1 "МТЗ-80" трактор техникалары уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Ал мемлекет тарапынан бөлінген 151 млн. теӊгеге 4 мердігер компания жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Астана. 14 шілде. Kazakhstan Today - Шардара ауданындағы үш ауылдық округте ағын су нысандарын қалпына келтіру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Атап айтар болсақ, Қ.Тұрысбеков, Қоссейіт, Көксу ауылдық округтерінде жалпы ұзындығы 94,4 шақырым каналды жөндеуден өткізу жоспарланып, бүгінге дейін оныӊ 76,9 шақырымы қайта қалпына келтірілді. Сонымен қатар, 110 дана ағын су тоспаларыныӊ 61-і жаӊартылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Бүгінгі таӊда ондағы Қоссейіт ауылындағы "1-Р-2" каналында 2 эксковатор мен 1 бульдозер, Көксу ауылдық округіндегі "2-Р-1" және "2-Р-2" каналдарында 3 эксковатор, Қ.Тұрысбеков ауылдық округіндегі "РК-1" және "РК-2" каналдарында 2 эксковатор мен 1 "МТЗ-80" трактор техникалары уақытпен санаспай жұмыс істеуде. Ал мемлекет тарапынан бөлінген 151 млн. теӊгеге 4 мердігер компания жөндеу жұмыстарын жүргізіп келеді.

Жұмыстардыӊ барысын аудан әкімі А.Абдуллаев ұдайы қадағалап, ауылдық округтердегі ағын су нысандарыныӊ жөндеу жұмысына айрықша көӊіл бөлуде. Тиісті сала мамандарына жұмыстыӊ сапалы және кестеге сәйкес атқарылуын қатаӊ түрде қадағалап отыру тапсырылды.

Диқандар игілігі үшін жасалынып жатқан механикалық жөндеу жұмыстары шілде мен қазан айлары аралығында толықтай жүргізіліп, бітеді. Осыныӊ нәтижесінде, Шардара ауданындағы 1112 гектар егістік алқап қайта айналымға қосылмақ.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны