13.12.2016, 10:40 5114

Шардарада жаӊа балық зауыты іске қосылды

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 200 млн. теӊгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген жаӊа ғимараттыӊ ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

Шымкент. 13 желтоқсан. Kazakhstan Today -Шардара ауданында ел Тәуелсіздігініӊ 25 жылдығына орай жаӊадан балық зауыты іске қосылды, деп хабарлайды ОҚО әкімініӊ баспасөз қызметі.

Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы аясында 200 млн. теӊгеге құрылыс жұмыстары жүргізілген жаӊа ғимараттыӊ ашылу салтанатына облыс әкімі Жансейіт Түймебаев қатысып, құттықтау сөз сөйледі.

"Құрметті шардаралықтар! Мереке қарсаӊында 40 адамды жұмыспен қамтыған жаӊа зауыт ашылып жатыр. Елдіӊ әлеуметтік-экономикалық жағдайын арттыратын бұл жұмыс орны құтты болсын. Зауыттыӊ іске қосылуына мұрындық болған жеке кәсіпкер Талғат Жалғасбаевқа алғысым шексіз. Ол өз өнімімізді ұқсатып, алыс және шет елге шығарып отыр. Олай болса, жаӊа кәсіпорын игіліктеріӊізге жұмыс істей берсін дегім келеді", - деген Жансейіт Қансейітұлы бір топ ардагерлермен бірге жаӊа ғимараттыӊ лентасын қиды.

Кәсіпорын басшысы Талғат Жалғасбаев облыс әкіміне зауыттыӊ іші-сыртын көрсетіп, балық өӊдеу жұмысымен таныстырды. Өзен жағасынан бой көтерген балық өӊдеу кәсіпорнында балық еті мен тұздалған және қақталған балық өнімдері өндіріледі. Ал жылдық қуаттылығы 600 мыӊ тонна балық өнімдерін құрайды.

Бәсекеге қабілетті балық өнімдерін шығарып, еліміздіӊ азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған бұл зауыттыӊ маӊызы зор екенін айтқан аймақ басшысы кәсіпорын жұмысына сәттілік тіледі.

Айта кетейік, бұған дейін ауданда екі балық өӊдеу зауыты жұмыс істеп келген болатын. "Хамит" СТК мен "Шардара балық - 1" балық өӊдеу зауыттары биылғы жылы есепті мерзімде 3700 тонна балық өнімдерін өндіріп, алыс-жақын шет елдерге экспортқа шығарып отыр.

Шардара ауданына жұмыс сапары барысында әкім Шардара су электр стансасыныӊ жұмысымен де танысты.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны