06.07.2018, 15:02 6631

Шардаралық шаруалар озық технологияныӊ арқасында мақта өнімділігін 2 есеге арттырған

Жалпы, Шардарада ауыл шаруашылығы бойынша 243 мыӊ гектар жер болса соныӊ 64 мыӊ гектер жері суармалы. Суармалы жерлердіӊ 60 мыӊ гектарға жуығы толығымен игеріліп, 24 гектарға мақта егіліген.

Түркістан. 6 шілде. Kazakhstan Today - Шардаралық шаруалар озық технологияныӊ арқасында мақта өнімділігін 2 есеге арттырған.

Осындай игі жұмыстардыӊ барысымен Шардара ауданына жасаған пресс-тур барысында БАҚ өкілдері танысып қайтты.

"Иіржарагро" ЖШС-не қарасты егістік алқапты аралаған жұмысшы топ инновациялық тамшылатып суару әдісімен егілген 300 гектар мақталық алқапта болды. Адам күшін толықтай техникамен алмастыратын бұл тәсілдіӊ ерекшелігі - шаруалар мол өнімге қол жеткізеді. Айталық, былтырғы жылы осы шаруашылық әр гектарынан 55 центнерден ақ ұлпа жинаған.

"Орта есеппен алатын болсақ, былтыр ауданда мақтаныӊ орта өнімініӊ көлемі гектарына 28,4 центнерді құраған болса, осы шаруашылықтыӊ өзінде бұл көрсеткіш 55 центнерге жетті. Яғни, инновациялық технологияны енгізудіӊ арқасында бір шаруаныӊ өзі екі есе өнімге қол жеткізіп отыр. Осынау әдістердіӊ тиімділігін және ұтқырлығын жергілікті басқа да шаруаларға түсіндіріп, насихаттап келеміз. Соныӊ нәтижесі болар, биыл "Иіржарагро" ЖШС-нан бөлек, тағы да үш шаруашылық тамшылатып суғару әдісіне көшіп отыр", - деді аудан әкімі Болатбек Қыстауов.

Жалпы, Шардарада ауыл шаруашылығы бойынша 243 мыӊ гектар жер болса соныӊ 64 мыӊ гектер жері суармалы. Суармалы жерлердіӊ 60 мыӊ гектарға жуығы толығымен игеріліп, 24 гектарға мақта егіліген. Елбасыныӊ суармалы жерлердіӊ көлемін 600 мыӊ гектарға көбейту тапсырмасы аясында да ауданда тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Оған мысал ретінде, Жаушықұм ауылдық округіндегі 12192 гектар жерді суғаруға мүмкіндіктіӊ табылғанын айтуға болады. Ол үшін Сырдария өзенінен су тарту жұмыстары жүргізілуде. Оған "Қазсушар" республикалық мекемесі атсалысып келеді. Жалпы, осы жоба іске асқан жағдайда биыл аудандағы ауыл шаруашылығы өнімініӊ көлемі 30 млрд. теӊгеге жетеді деп жоспарлануда. Тек қана Жаушықұм массивінен 500 мыӊ тоннадан астам өнім өндірілмек. Соныӊ нәтижесінде, жаӊа жұмыс орындары ашылады деген болжам бар.

Түркістан облысы әкімініӊ баспасөз қызметі

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны