28.04.2009, 18:14 4098

Шегіркемен күрес шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 234,1 млн теңге бөлінген - АШМ

Шегіркемен күрес шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 234,1 млн теңге бөлінген - АШМ

Астана. 28 сәуір. "Қазақстан Бүгін" - Шегіркемен күрес шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 1 млрд 234,1 млн теңге бөлінген. Бұл туралы бүгін Ауылшаруашылығы министрлігінде "шегірткемен күрес шаралары" деген тақырыпта өткен баспасөз мәслихатында АӨК мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Серік Сүлейменов мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР АШМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, биылғы жылы шегіртке зиянкестері 1995 мың га аумаққа, оның ішінде, итальялық прус- 996,7 мың га, азиялық шегіртке- 886,6 мың га және осы шегірткелердің марокколық түрі -111,5 мың га аумаққа таралуы мүмкін деп жорамалданып отыр.

Шегіркемен күрес шараларын ұйымдастыру үшін республикалық бюджеттен 1234,1 млн теңге оның ішінде, пестицид алуға - 648,7 млн теңге, пестицидтерді тасымалдауға -29,5 млн теңге, пестицидтерді сақтауға - 12,6 млн теңге және химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізуге - 543,3 млн теңге бөлінген.

Көрсетілген қаржыға сәйкес өткізілген байқау шаралары кезінде, пестицидті тасымалдаушылар мен оларды сақтау, тасымалдау және химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізушілер анықталды. Бүгінде пестицидті тасымалдаушылар және жұмысты орындаушылармен келісім жасалып, аванс төленді.

Шегірткемен күрес мақсатында мамандар алдын -ала 22,4 млн га аумақты оның ішінде, 443 мың га жердегі көктемгі дүңгіршектерді, құрт түрінде кездесетін -10 275 мың га аумақты, жұмыртқа түріндегі 11 136 мың га және 564 мың гектардағы күзгі дүңгіршектерді тексермек. Бұдан өзге, 19 925 мың га аумақта шегіркелердің жайылып кетпеуі жүйелі бақылауда болады.

Шегірткеге қарсы химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізу үшін, жасалған келісімдерге сәйкес, 169 бірліктен аса шашыратқыш техникалар, оның ішінде, 21 ұшақ, 29 авиациялық жеңіл ұшақ, 9 аэрозольді генераторлар, 78 атомайзерлік шашыратқыштар қолданылады.

Қазіргі уақытта аймақтарға шегірткеге қарсы пестицидтер жеткізу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Республиканың оңтүстік пен батыс облыстарына пестицид жеткілікті мөлшерде жеткізілді. Ал, солтүстік облыстарға пестицид арнайы бақылау нәтижесі бойынша жіберіледі.

Оңтүстік Қазақстан облыстарында шегірке зиянкестерінің жұмыртқаларын анықтау жұмыстары басталды. Ауа райының суық әрі жаңбырлы маусымына байланысты шегіртке құрттары созылмалы түрде кездескен. Бүгінгі күні 105 мың.га аумақ тексеріліп, 1,3 мың.га жерге өңдеу жұмыстары жүргізілген. Шегіртке құрттары әлі жетілмегендіктен әрі толассыз жауынға байланысты өңдеу жұмыстары толық басталмай тұр. Айта кету керек, өткен жылғы дәл осы уақытта өңдеуге тиісті 58 мың.га жер анықталып әрі 40,3 мың. гектары өңдеуден өткен болатын.

Осылайша, АӨК мемлекеттік инспекция комитеті тарапынан биылғы жылы шегірке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарын сапалы әрі дер кезінде өткізуге барлық жағдай жасалды.

Сонымен бірге, қазір мамандарды жаппай отармен ұшатын шегірткемен қоса осы зиянкестердің дара түрлері қатты алаңдатып отыр. 2009 жылғы жорамал бойынша, республика аумағында дара шегіртке түрлері 441 мың га жерге жайылуы мүмкін, бұл өткен жылмен салыстырғанда( былтырғы жылы 125,5 мың га) едәуір көп.

Бүгінде отармен ұшпайтын шегіртке түрлеріне республикалық бюджет есебінен қаржы бөлінбейтіндіктен жергілікті атқарушы органдарға жергілікті бюджет пен ауылшаруашылығы тауар өндірушілерінің қаражаты есебінен аталған жұмыстарды дереу ұйымдастыруы қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны