25.02.2013, 18:52 4239

Шекті тарифтерді қолдану 2012 жылы инвестициялардың 46%-ға артуын қамтамасыз етті

Қазақстанда 2012 жылы шекті орта мерзімді тарифтерді қолдануға көшу нәтижесінде инвестиция сомасы шамамен 208,8 млрд теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 46%-ға артық, деп хабарлады бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа.

Астана. 25-ақпан. Kazakhstan Today - Шекті тарифтерді қолдану 2012 жылы инвестициялардың 46%-ға артуын қамтамасыз етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанда 2012 жылы шекті орта мерзімді тарифтерді қолдануға көшу нәтижесінде инвестиция сомасы шамамен 208,8 млрд теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 46%-ға артық, деп хабарлады бүгін ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің басқарма төрағасының орынбасары Анатолий Шкарупа.

"2012 жылғы жұмыстардың нәтижесі бойынша тарифтерді бекіту үшін міндетті инвестициялық бағдарламаның болуы шекті орта мерзімді тарифтерді қолдануға көшу нәтижесінде инвестиция сомасы шамамен 208,8 млрд теңгені құрады, бұл 2011 жылғы деңгейден 46%-ға артық",- деді А.Шкарупа.

Сонымен қатар, ол табиғи монополиялардың негізгі субъектілерінің сұралынды табыстары 55 млрд-тан астам теңгеге қысқарған, шикізат пен материалдар шығыны нормалары 1,8 млрд теңгеге қысқарған.

Айта кету керек, тарифтік реттеу - дифференцияланған тарифтер жүйесі арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарын, тұтынушыларды, жылу мен суды есептеу құрылғыларын орнату бойынша заң талаптарын орындайтын энергия ресурстарын үнемді пайдаланатын және заңды ұстанатын тұтынушылар қорғау қамтамасыз етіледі.

Осылайша, электр энергиясын тұтынушылардың үнемдеген қаражат көлемі шамамен 1,5 млрд. теңгені құрады, оған қоса тұтыну көлемі 163,8 млн кВт.с-қа төмендеген.

Өз алдына суға тарифтер дифференциясы оны тұтыну көлемін экономикалық тиімділікпен шамамен 2 млрд теңгеге17 %-ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны