09.08.2018, 19:12 4990

"Шелек фермерлері" Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі республикалық супермаркет желілеріне көкөністер жеткізілімін бастады

""Шелек Фермерлері" жобасы фермерлер өнімдерін заманауи технологияларды пайдалана отыра өсіруді үйреніп, осылайша өздерініӊ өнімділігі мен түсімділігін арттырғанын, ал сатып алушылар жеткізу тізбегінде делдалдардыӊ жоқтығы арқасында балғын фермерлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болғанын көрнекті мысалы болып табылады.

Алматы. 9 тамыз. Kazakhstan Today - "Шелек фермерлері" Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативі ("Шелек Фермерлері") республикалық супермаркет желілеріне көкөністер жеткізілімініӊ басталғанын хабарлады. Осы жылдан бастап "Шелек Фермерлерініӊ" өнімдерініӊ Алматыдағы "Арзан" супермаркеттері желісінде ғана емес, сондай-ақ, Алматы, Астана, Павлодар және Өскемен қалаларындағы METRO СО-да қолжетімділігі қамтамасыз етілді.

Осы маусымда "Шелек Фермерлері" 212 тонна көкөністі, соныӊ ішінде MetroCash&Carry сауда желісіне 52 тонна қызанақ - жылыжайда өсірілген, қызғылт жаӊа, қызыл жаӊа және черри сұрыптары; 50 тонна бұрыш - қарлығаш, мазурка, редджет, бағдаршам, болгар қызыл және жасыл бұрышы, жартылай ащы, ащы чили; 44 тонна қияр, соныӊ ішінде корнишондар; 36 тонна екі сұрыпты баялды - алмас және қара ханзада; 30 тонна картоп және алма, қарбыз мен құлпынай секілді басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін жеткізуді жоспарлап отыр.

"Біздіӊ компаниямыздыӊ миссиясын - бизнес үшін үздік әріптес атану. METRO қызмет ететін барлық 25 елде біз шағын және орта бизнес өкілдеріне, атап айтқанда, елдіӊ экономикалық дамуыныӊ негізгі қозғаушы күші болып табылатын жергілікті тауар өндірушілеріне қолдау көрсетудеміз. Фермерлік шаруашылықтармен осындай қызметтестік бізге сауда желілері сөрелерінде қазақстандық қамтымды ұлғайтуға үлесімізді қоса ғана қоймай, жалпы алғанда, елімізде пайдалы тағамдармен тамақтану мәдениетін ілгеру жылжытуға көмектесетін болады", - деді Артур Янушевский, "МЕТРО Кэш энд Керри" ЖШС операциялық қызмет бойынша бөлімініӊ бастығы.

"Шелек Фермерлері" - ҮЕҰ мен бизнес арасындағы кооперацияныӊ ғана емес, сондай-ақ, ірі бизнестіӊ шағын бизнеске көмек көрсетуініӊ де тамаша мысалы. Жобаны "Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қоғамдастықтар қоры" Қоры (ЖҚҚ) "Филипп Моррис Қазақстан" компаниясыныӊ (ФМҚ) қолдауымен жүзеге асыруда. 2018 жылдан бастап фермерлік өнімдерді сату үшін өз сауда алаӊшаларын METRO Cash&Carryірі сауда желісі тегін ұсынуда. Ритейлге ірірек әрі тұрақтырақ жеткізілімдер көлемін қамтамасыз ету үшін, шағын фермерлік шаруашылықтар бірігіп, "Шелек фермерлері" АӨК-ніӊ ресми тіркелуін жүзеге асырды. Сондай-ақ, АӨК құрылуымен фермерлер өз өнімдерін Астана, Семей, Павлодар және Өскемен қалаларын қоса алғанда, Қазақстан аумағында да сату мүмкіндігіне ие болды.

Ринат Заитов, "ФМҚ" компаниясыныӊ корпоративтік байланыс қызметініӊ жетекшісі: "Біз фермерлерге олардыӊ бастамашылдығы үшін, ал Жергілікті қоғамдастықтар қорына көп жылдық жемісті жұмысы үшін ризамыз. 2014 жылы жоба ретінде басталған іс бүгінгі күні нағыз бизнеске айналған: фермерлер кооперативке бірігіп, бизнесті кеӊейтуді жалғастыруда.Жай ғана қаржы доноры ғана емес, сонымен қатар жоба шабыттандырушысы бола тұра, біз өнімдерді, дәндерді және органикалық тыӊайтқыштарды тасымалдаға арналған арнайы жасалған ораманы ұсыну арқылы, фермерлерге қолдау көрсетуді жалғастырып тұрған RijkZwaan, KagazyRecycling, "Эко Культура", "Агровэй - Nunhems" серіктестерімізге ризамыз".

Бақытгүл ЕЛШІБАЕВА, ЖҚҚ-ныӊ атқарушы директоры: "Жобаны іске қосқанға дейін ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері маусымдылыққа қатты тәуелді болған, сондай-ақ, өз жерлеріне алдыӊғы маусымда еӊ көп талап етілген дақылдарды егуге тырысқан, және осыныӊ нәтижесінде ұсынылатын сұрыпталым азайып, бәсекелестік ұлғайған. Жоба фермерлер жұмысын тиімді түрде ұйымдастыруға, ал фермерлердіӊ өздеріне егу уақыт кестелері мен түрлерін амалын тауып үлестіре тұра бірігуге жәрдемдесті. Осыныӊ барлығы тура және ауыспалы мағынада да тамаша жемістерге қол жеткізуге себепші болды".

"Шелек Фермерлері" жобасы ЖҚҚ тарабынан 2014 жылдан бастап жүзеге асырылуда және әндерді жоспарлау мен отырғызудан бастап фермердіӊ түпкілікті табысты алуына дейініӊ фермерлік шаруашылықты жүргізудіӊ барлық сатыларын қамтиды. Жоба шеӊберінде Алматы облысыныӊ Еӊбекшіқазақ ауданында Агробизнес-орталығы ұйымдастырылып, оныӊ негізінде жергілікті фермерлер қазіргі заманғы агротехнологияларды, ауыл шаруашылығындағы менеджмент пен маркетингті оқып үйренуде. Фермерлер тамшылатып суармалау, қызанақты аспаларда өсіру әдісін, мульча таспасын пайдалануды және өзге алдыӊғы қатарлы технологияларды игеруде.

""Шелек Фермерлері" жобасы фермерлер өнімдерін заманауи технологияларды пайдалана отыра өсіруді үйреніп, осылайша өздерініӊ өнімділігі мен түсімділігін арттырғанын, ал сатып алушылар жеткізу тізбегінде делдалдардыӊ жоқтығы арқасында балғын фермерлік өнімдерін тиімді бағамен сатып алу мүмкіндігіне ие болғанын көрнекті мысалы болып табылады.

16 шілдеде "Шелек Фермелері" жобасы "Жылғы үздік әлеуметтік-экономикалық жоба" номинациясында CSR ExcellenceAward халықаралық марапатыныӊ иегері атанғанын еске салған жөн. Сыйлықақы Ұлыбританияда табысталады және оны табыстау рәсіміне жыл сайын бүкіл дүние жүзінен 100-ден астам компания қатысады. Сонымен бірге, 2018 жылы мамыр айында "Шелек Фермерлері" Қазақстанныӊ Еуропалық бизнес-қауымдастығы (EUROBAK) өткізген байқауда "Илеуметтік әріптестік" номинациясыныӊ жеӊімпазы атанған. Бір жыл бұрын жоба Қазақстандағы Америка Сауда Палатасы (AmCham) ұйымдастырған жыл сайынғы корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік саласындағы жобаларды марапаттау рәсімі аясында "Кәсіпкерлікті дамыту" номинациясында үздік жоба болып танылған.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны