30.06.2018, 13:37 8295

"Шелек Фермерлері" бағдарламасыныӊ 4 жыл ішінде қатысушылар саны 4 есеге өскен

Бүгінде аудан фермерлері шағын бизнестерін сәтті дамытып және көкөністерді өсіруде заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне ие. Осы мақсатта ЖҚҚ 2013 жылы ашылған Агробизнес орталығында фермерлерге тренингтер, семинарлар, консультациялар ұйымдастырады.Сондай-ақ басқа аймақтардан келген фермерлермен іс-тәжірибе алмасуға арналған кездесулер өткізеді.

Алматы. 30 маусым. Kazakhstan Today - 29 маусымда "Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қауымдастықтар қоры" (бұдан әрі - ЖҚҚ) ауылдық жерлерді тұрақты дамытудыӊ құпияларымен бөлісті. Баспасөз-туры барысында журналистер Шелек ауданындағы көкөніс өсірудіӊ жаӊа әдістерімен танысты.

"Шелек Фермерлері" бағдарламасыныӊ операторы бола отырып, ЖҚҚ жобаны одан әрі дамытуды жалғастыруда - 4 жыл ішінде қатысушылар саны 4 есеге өскен.

Осы ретте аудандағы фермерлердіӊ бірі Иукенұлы Ерсінбекөз ойымен бөлісті:"Иркімніӊ өз сүйікті ісі бар, мен үшін бұл - көкөніс өсіру. Осыныӊ арқасында табыс табамын. "Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ жергілікті қауымдастықтар қоры" ҚҚ фермерлер үшін тек семинар - тренингтер, консультациялар ғана өткізіп қоймай, қаржылай қолдау да көрсетеді. 2014 жылдан бері Қордыӊ түрлі байқауларына қатысып жеӊімпаз атандым, тиісінше, көкөніс өсіруге арналған жабдықты сатып алуға мүмкіндік пайда болды. Биыл "Шелек Фермерлері" ауыл шаруашылығы кооперативініӊ мүшесі бола отырып, жылыжай құрылысын қаржыландыру мүмкіндігіне ие болдым. Мен үшін жылыжайда көкөніс өсіру - отбасылық бизнесті дамытудыӊ тағы бір жолы, жылыжайдыӊ үйімніӊ қасында болғаны қуантады, ауа райы өнімге әсер етпейді, ал, биыл салқын әрі жаӊбырлы жаз маусымы. Менікі сынды шағын фермерлік қожалықтар үшін бұл үлкен қолдау".

Бүгінде аудан фермерлері шағын бизнестерін сәтті дамытып және көкөністерді өсіруде заманауи технологияларды қолдану мүмкіндіктеріне ие. Осы мақсатта ЖҚҚ 2013 жылы ашылған Агробизнес орталығында фермерлерге тренингтер, семинарлар, консультациялар ұйымдастырады.Сондай-ақ басқа аймақтардан келген фермерлермен іс-тәжірибе алмасуға арналған кездесулер өткізеді.

"Меніӊ әкем ОҚО-нда жергілікті қауымдастықтар қорымен ұйымдастырылған таныстыру турынан кейін, үй-жайындағы аулада кішігірім жылыжай салу идеясын жүзеге асыруға ниеттенді. Қазір мен әкемніӊ ісін жалғастырудамын және үшінші жыл қатарынан жылыжайға қызанақ өсіріп келемін. Біздіӊ жылыжайларымыздыӊ алғашқысы өте қарапайым,қазіргідей заманауи жабдықпен қамтылмаған еді. Біз көкөністерді өз тәжірибемізге сүйеніп өсірдік. Қарапайым пеш пен пленка, жылыжайдыӊ конструкциясы да қарапайым болды. Ендігі кезекте, Қор қызметкерлерініӊ кеӊестері арқасында жыл сайынжылыжайдыкеӊейтіп, оны озық технологиялармен толықтыру үстіндемін, сәйкесінше жоғары өнімділікке қол жеткізудемін. Алғашқы көкөністерді әдеттегіден бұрын жинап алғандықтан, оларды қымбатырақ сатамын. Мен барлық жетістіктерімді "Ауылдық аймақтарды дамыту" бағдарламасымен байланыстырамын және оныӊ арқасында мен ғана емес, ауданымыздыӊөзге де фермерлері үйреніп келеді", - деді жергілікті фермер Ибрагимов Роллан.

2014 жылдан бері бағдарламаға қатысушы-фермерлер көптеген заманауи агротехнологияны кәсіпке енгізуге мүмкіндігіне ие болды, ал жылыжайларда түрлі-түсті бұрыш өсіру аудан фермерлері үшін дамудыӊ жаӊа сатысын ашады. Шелек ауданыныӊ дәстүрлі көкөнісі- бұрыш - бұрын-соӊды жылыжайда өсірілмеген еді, жаӊа әдіс жұмыс сапсаны жоғары көтереді. Енді фермерлер орақмаусымдыншілде айыныӊ ортасында, яғни үйреншікті уақыттан бір айға ертерек бастап,қараша айына дейін, яғни 1,5 - 2 айға, создыра алады. 7-8 ай уақытты қамтитын маусым фермерлердіӊ қосымша табысқа қол жеткізуіне жол ашады. Осынынӊ арқасында, фермер-көкөнісшілер өз өнімін орта есеппен 20-30 пайызға арттыра алады.

"Шелек Фермерлері" ЖҚҚ "Ауылдық аймақтарды дамыту" кешенді бағдарламасыніӊ бір бөлігі болып табылады және біз осы жоба аясында жаӊа ауыл шаруашылығы технологияларын эксперименталды аймақтарда тестілеуден өткіземіз. Жергілікті фермерлер тамшылатып суару,шпалерде қызанақ өсіру әдістерін үйреніп, топырақ бетін жабындау және өзге де технологияларды қолдануды игеруде. Біздіӊ фермерлер ерте өнім алу мақсатында жылыжай тұрғыза бастады, әдетте, фермерлер жылыжайларда қызанақ және қияр өседі.Мен, агроном ретінде, эксперименталды учаскелерде жұмыс істеуді жалғастырамын және осы жылы жылыжайда бұрыш өсіруді қолға аламын. Кіріс пен өнімділікті саралап көремін. Қазірдіӊ өзінде жақсы әлеуетті көремін, алдағы жылы фермерлерге жылыжайларда бұрыш өсіруді ұсынамын", - деді агроном Павел Кавунов.

Айта кетейік, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына Жолдауында ауыл шаруашылығын дамыту перспективаларына ел дамуыныӊ еӊ маӊызды 10 тармағыныӊ бірі ретінде көӊіл бөлді.Мемлекет басшысы бүгінгі заман жағдайы мен уақыт талабына сәйкес, ғылыми база жетегінде ауыл шаруашылығында озық технологияларды қолдануға уақыт келгенін ерекше атап өтті. Ауыл шаруашылығынағылым мен еӊбекті кірістіру- ЖҚҚ"Ауылдық аймақтарды дамыту" бағдарламасы бағыттарыныӊ бірі. Оныӊ басты ерекшелігі - шағын фермадағы шаруашылықтарға бағытталуы, бұл қадам олардыӊ дамуына және тұрақтылықты сақтауларына көмектеседі.

Қоса кетейік, жақында өткен Қазақстанныӊ Еуропалық Бизнес Қауымдастығы (EUROBAK) байқауында "Еӊбекшіқазақ ауданыныӊ Жергілікті Қоғамдастықтар Қорыныӊ" "Филип Моррис Қазақстан" ЖШС-мен серіктестігі нәтижесінде ұйымдастырылған "Шелек Фермерлері" әлеуметтік жобасы "Жылдыӊ үздік серіктес жобасы" аталымын жеӊіп алды.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны