13.03.2012, 14:27 3570

Шенеуніктерге арналған қазақстандық көліктердің тұсау кесері өтті

Астанада болашақта шенеуніктер отыратын, Қазақстанда өндірілген SsangYong Chairman өкілдік класының жаңа автокөлігі таныстырылған.

Астана. 13-наурыз. Kazakhstan Today - Шенеуніктерге арналған қазақстандық көліктердің тұсау кесері өтті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Астанада болашақта шенеуніктер отыратын, Қазақстанда өндірілген SsangYong Chairman өкілдік класының жаңа автокөлігі таныстырылған.

SsangYong Chairman-ның қозғалтқыш көлемі 3,2 литр және 3,6 литр, сәйкесінше, 225 ат күші мен 250 ат күші бар екі нұсқасы таныстырылды. Көліктің ұзындығы 5 метрді құрайды. 10 қауіпсіздік жастығымен, пневмоподвескамен, музыкалық қондырғымен жабдықталған, реттелетін артқы орындықта массажер мен желдеткіш функциялары бар, ал автокөлік салоны сапалы былғары мен қымбат ағаштан жасалған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны