27.01.2015, 20:28 3917

Шетелде алтын өӊдейтін компаниялар өнімін Ұлттық банкке сатуға міндеттеледі - А. Рау

Шетелдерде алтын өӊдейтін қазақстандық компаниялар бағалы металды Ұлттық банкке сатуға міндетті болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте "Қымбат металдар және қымбат тастар туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымы барысында мәлім болды

Астана. 27 қаӊтар. Kazakhstan Today -Шетелдерде алтын өӊдейтін қазақстандық компаниялар бағалы металды Ұлттық банкке сатуға міндетті болады. Бұл туралы бүгін Мәжілісте "Қымбат металдар және қымбат тастар туралы" заӊ жобасыныӊ таныстырылымы барысында мәлім болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Инвестициялар және даму вице-министрі Альберт Раудыӊ айтуынша, заӊ жобасына сәйкес, құрамында бағалы металдар бар шикізаттық тауарлар елге әкелінгенде, шығарылғанда мемлекеттік бақылауда болады. "Атап айтқанда, егер жеке немесе заӊды тұлға құрамында бағалы материал бар шикізатты, тауарларды елден алып өткісі келсе, онда ондай тұлғалар еліміздегі өӊдеуші компаниялардан аталған шикізатты өӊдеуден бас тартқанын растайтын құжат алуға міндетті. Сонымен қатар, импорттаушы компаниялар шет мемлекеттердіӊ аумағында өӊдеген алтынды Қазақстанныӊ Ұлттық банкіне сатуға міндеттейтін норма да еніп отыр. Сондай-ақ заӊ жобасымен Ұлттық банктіӊ аталған тазартылған алтынды сатып алудағы басымдық құқығы да бекітіледі", - деді вице-министр, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

А. Раудыӊ сөзіне қарағанда, Қазақстанда өндірілген алтын шет елдерге екі жағдайда өӊделуі мүмкін. Оныӊ бірі - еліміздегі зауыттар технологиялық себептеріне қарай алтын өӊдей алмайтын болса. Екіншіден, Еуразиялық экономикалық одақ аумағында заӊды тұлғалар алтынды одаққа мүше елдерге шығара алады.

"Дегенмен, алтын сыртқа шығарылған жағдайда да, оны сатып алудағы Ұлттық банктіӊ басымдығы айқындалып отыр. Яғни, алтын сыртқа шығарылса да, оны қайта елге әкелуге тура келеді, сондықтан оны шығармас бұрын, Қазақстанда өӊдеу мүмкіндігіне жол ашылады", - деді А. Рау.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны