25.01.2016, 20:43 4857

Шетелдік инвестициялар үшін Қазақстанныӊ ауыл шаруашылығы саласы тартымды болып отыр.

Жағымды инвестициялық климаттын орнауы республикамыздыӊ ауыл шаруашылығы секторыныӊ инвестициялық тартымдылығыныӊ артуына себеп болды. Мәселен, 2015 жылы ауыл шаруашылығы секторына құйылған инвестициялар көлемі 167 млрд. теӊгені құрады.

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - "100 нақты қадам" ұлт жоспарын жүзеге асыру шеӊберінде Қазақстан Республикасыныӊ заӊнамасына жерді жалға беру мерзімін ұлғайту, салықтық әкімшілікті жеӊілдету және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық преференцияларды беру бөлігіне өзгерістер енгізілді: шетелдік компаниялар үшін жерді жалға беру мерзімі 10 жылдан 25 жылға дейін артып отыр, "Агробизнес-2020" бағдарламасы шеӊберінде 30-80% мөлшерінде басым бағыттар бойынша инвестициялық салымдар субсидияланады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Жағымды инвестициялық климаттын орнауы республикамыздыӊ ауыл шаруашылығы секторыныӊ инвестициялық тартымдылығыныӊ артуына себеп болды. Мәселен, 2015 жылы ауыл шаруашылығы секторына құйылған инвестициялар көлемі 167 млрд. теӊгені құрады.

Халықаралық талаптарға сәйкес Қазақстанныӊ ветеринариялық қызметініӊ жаӊғыруы 2015 жылы Қазақстаныӊ 9 облысына Жануарлардыӊ саулығы жөніндегі дүниежүзілік ұйымнан аусылдан аман деген статусқа қол жеткізді, ағымдағы жылдыӊ мамыр айында осындай статусты еліміздіӊ барлық аймақтарына алу бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Бұл өз алдына, шетелдік инвесторлар үшін мал шаруашылығыныӊ экспортке бағытталған өнімдерін өндіру және қайта өндеуге қаржы салуға сенімділік орнатады.

Мысалы, қытайлық компаниялар Қазақстанда бірлескен ауыл шаруашылығы өнімдерін өндейтін кәсіпорындарды (ет , май және азықтық дақылдар, томат өндеу зауыттары) және бордақылау алаӊдарын құру және қазақстандық өнімдерді әрі қарай экспортке шығаруға қызығушылық танытып отыр.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен (әрі қарай - АШМ) Rifa Holding Group", "Айцзюй", "CITIC" и "COFCO" қытайлық компанияларын "100 нақты қадам" ұлт жоспарына сәйкес (әрі қарай -Жоспар) ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өндеуді дамытуға стратегиялық инвесторлар ретінде тарту бойынша жұмыстар жүргізілуде.

"100 нақты қадам" ұлт жоспары шеӊберіндегі 61 қадамды жүзеге асыру мақсатында "Евразия агрохолдинг" компаниясы және "Rifa Holding Group" қытай трансұлттық компаниясы аралығында ет кластерін құру бойынша меморандумға қол қойылды.

"Rifa Holding Group" компаниясы Шығыс Қазақстан облысында қуаттылығы жылына 17 мыӊ тона қой және сиыр етін өндіретін ет комбинатыныӊ құрылысына және бір мезетте 50 мыӊ бас ҰММ мен 1000 бас ІҚМ бордақыланатын бордақылау алаӊдарына қаржылай инвестиция салуға шешім қабылдады. Кәсіпорынныӊ 80% өнімі Қытайға экспортталуға бағытталатын болады. Жобаныӊ жалпы құны 7,9 млрд.тг бағаланады. "Rifa Holding Group" жобаға қатысу үлесі 49% құрайды.

Сонымен бірге, компания қазақстандық ет өндіретін бірнеше компаниямен ынтымақтастық орнатуға дайын. Қазіргі таӊда "Rifa Holding Group" компаниясыныӊ өкілдері Ақтөбе облысындағы "Актеп", Қостанай облысындағы "Север Агро-Н" және Алматы облысындағы "Архарлы майбуйрек" қазақстандық компанияларға аудит жасады.

Анықтама ретінде: "Rifa Holding Group" компаниясы әлемде арнайы жабдықтарды өндіру және сатумен белгілі, соныӊ ішінде тоқыма өнеркәсібі саласында. Компания ауыл шаруашылығы саласында бизнесін 2000 жылдардын басында бастап, казіргі таӊда Қытай, Австралия және Аргентина елдерінде ет өндіру және қайта өндеу саласында жұмыстар атқаруда. Компания "Евразия агрохолдинг" компаниясымен бірлескен жоба аясында қазақстандық органикалық сиыр және қой етін Қытай нарығына шығаруға мудделі.

Қытайдыӊ инвестициялық жетекші корпорацияларыныӊ бірі "CITIC" Қазақстанныӊ мал шаруашылығы секторын инвестициялауға мүдделеніп отыр. Қазіргі кезде "Бәйтерек" Холдингімен ауыл шаруашылығында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға келісімдер қол қойылды. Корпорация өнеркәсіптік негізде және бройлер құс фабрикасы бағытында бордақылау алаӊдарын салуға мүдделеніп отыр.

Анықтама ретінде: "CITIC" корпорациясы негізінен инвестиция және сауда саласында мамандандырылған. Өнеркәсіп секторында Қазақстанныӊ компанияларымен белсенді ынтымақтасады.

Қытайдыӊ "AIJIU" өнеркәсіптік тобы Солтүстік Қазақстан облысындағы "Total Impex" ЖШС-мен 58 млн доллар соммасындағы дәнді және май дақылдарын тереӊдете өӊдеу бойынша бірлескен инвестициялық жобаны жүзеге асырады. Зауыттыӊ жобалық қуаттылығы жылына 80 мыӊ тонна өсімдік майын, 200 мыӊ тонна ұн, 200 мыӊ тонна азықтарды құрайды.

Анықтама:

"AIJIU" компаниясы Қытайдыӊ ауыл шаруашылығы индустриясындағы мемлекеттік деӊгейдегі жетекші кәсіпорыны болып табылады және дәнді және май дақылдарын өндіруге және қайта өӊдеуге мамандандырылған. 1,5 мыӊнан астам сауда орындарынан тұратын жекеменшік сауда-логистикалық желісі бар.

Компания "Еуразия Агрохолдинг" бірлесіп Қызылорда, Шығыс-Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында томат өсіру мен томат өнімдерін өндіруге арналған алаӊдарында томат өсіру мен томат пасталарын өндірісі бойынша класерлер құру бойынша жобаларға 80 млн. доллардан аса инвестициялауды ниеттенуде. Жобаларды бірлесіп жүзеге асыру арқасында томат өндірісін 120 мыӊ тоннаға өсіру жоспарланып отыр.

"COFCO" компаниясы дәнді, май дақылдары мен томатты өндіруде мамандандырылған ірі азықтық компаниялардыӊ біреуі болып табылады. Компанияныӊ дүниежүзіндегі 140 елде 336 бөлімшелері мен өкілдіктері бар. Компанияныӊ жылдық қаржы айналымы 120 млрд. долларды құрайды.

Гонконгтен "Oriental Patron" қаржылық тобы ПСК серіктестерімен бірлесіп, одан әрі қытай нарығына өткізу үшін Қазақстандағы ауыл шаруашылығы өнімдерін тереӊдетілген қайта өӊдеу бойынша бірлескен жұмысты дамыту үшін "Қазэкспортастық" қазақстандық компаниясыныӊ дамуына инвестициялар салуды жоспарлауда. Инвестициялардыӊ жалпы сомасы 500 млн.долларды құрайды.

"Oriental Patron" қаржылық тобы соӊғы жылдары Қазақстандағы а/ш өнімдерін қайта өӊдеу бойынша 70 млн доллардан астам қаржы салды.

Бүгін Қазақстан Республиксы Ауыл шаруашылығы министрлігімен "Rifa Holding Group", "AIJIU", "Евразия агрохолдинг" "COFCO" жобасы бойынша, "Казэкспортастык" бірлескен "Oriental Patron" жобасы бойынша әрі қарай Қытайдыӊ экспорттық нарығына шығару мақсатында ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өӊдеу бойынша бірлескен жобаларды жүзеге асыру үшін қытай компанияларымен бірлескен іс-әрекеттер жоспарына қол қойылады.

ҚР АШМ Баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны